Қаржы • Бүгін, 11:23

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу ережелері өзгерді

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу ережелері өзгертілді. Үкімет жаңа зейнетақы жүйесіне қатысты есептеу әдістемесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу ережелері өзгерді

Фото: magnific.com

Жаңа тәртіпке сәйкес, енді зейнетақыдан алуға болатын «жеткілікті шек» қайта есептеледі. Бұл шек – есепшотта қалуы тиіс ең төменгі сома саналады.

Есептеу кезінде жылдық табыс мөлшері – 9 пайыз және зейнетақы төлемдерін индекстеу деңгейі – 8 пайыз көлемінде қаралады. Осы арқылы мемлекет зейнетақы қорындағы ақшаның болашақта қанша уақытқа жететінін қайта есептейді. Осылайша әр жастағы азамат үшін «жеткілікті сома» анықталады.

Жаңа ережеге сай, жеткілікті шек өткен жылғы деңгейден төмен болмайды. Сонымен қатар ол инфляция болжамынан да жоғары деңгейде есептеледі.

Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?

Жаңа әдістеме ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылға арналған жаңа шектерді үш жұмыс күні ішінде жариялайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін зейнетақыдан ақша алу қиындауы мүмкін екендігін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар