Пікір
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Әділет министрі: Алатау Конституцияда бекітілген ерекше мәртебеге ие бола алады
Қазақстан Конституциясы әрбір азаматқа түсінікті болуға, ал жекелеген аумақтарға арнайы мәртебе беру мүмкіндігі – нақты Конституциялық негізге ие болуға тиіс. Мұндай пікірді Конституциялық комиссияның бірінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Жақсыбек Күлекеев: Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс
Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев еліміздегі ғылыми қызметтің Ата Заң деңгейінде нақты реттелмегенін, соның салдарынан ел дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның рөлі мен мәртебесі төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 24 Қаңтар, 2026
Дихан Қамзабекұлы: Қазақстанның білім беру саясатындағы зайырлы қағидаттарды бекіту қажет
Конституциялық комиссияның отырысында сөз сөйлеген «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы білім жүйесі мен мәдениеттегі зайырлылық Ата Заңда нақты көрініс табуы – зиялылық дәстүрдің талабы екенін айтты.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті деген жағдайға байланысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде тараған боксшы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжалға байланысты жауап берілді. Бұл туралы пікірін боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі елдің дамуына қатысты маңызды бағдарларды айқындап берді. Соның ішінде Президенттің Абай іліміне, патриотизм мен жаңа дәуір талаптарына бейімделу мәселелеріне терең тоқталуы бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса өзекті деп санаймын.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Мейіргүл Жетпісбаева: Парламент қызметін қайта құру мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі еліміздің саяси жүйесін түбегейлі трансформациялаудың жаңа бағдаршамына айналды. Бұл баяндама жай ғана өзгерістер емес, Қазақстанның мемлекеттік құрылымының сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуін айқындап берді.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Доллар бағасы 500 теңгеден төменге құлдырады
Қазан айынан бері теңге 9 %-ға нығайды. Бұған мұнай бағасының тұрақтылығы, экономиканың қолдауы және шетелдік инвесторлардың қызығушылығының артуы әсер етті. Қазан-қараша айларында резидент еместер Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына 1,1 млрд доллар құйған, жалпы инвестиция көлемі 3,6 млрд долларға жетті. Бұл Қаржы министрлігінің қарыз алу шығындарын азайтып, теңге бағамын қолдауға ықпал етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
«Тұрғын үй бағасы 30 пайызға өседі»: Министр пікір білдірді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кейбір сарапшылардың «Тұрғын үй бағасы 30 пайызға өседі» деген болжамына қатысты пікір білдірді. Үкіметте өткен брифингте журналист сұрағына жауап берген министрдің айтуынша, ведомство жекеменшік құрылыс компанияларының баға саясатына араласа алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қазан, 2025
Елдегі заң мен тәртіпті қалыптастырудың маңызды буыны – прокуратура. Бұған дейінгі жолдауларда прокуратураның жұмысын жандандыруға бағытталған міндеттер мен межелер аз болмады. Соның ішінде инвесторларды сүйемелдеу, отандық кәсіпкерлерді заңсыздықтан қорғау, азаптауларға тосқауыл қою, шетке кеткен активтерді елге қайтару сияқты қадау-қадау тапсырмалардың жүктеліп, ол бойынша іргелі істердің атқарылғанына жұртшылық куә. Ал биылғы жолдау Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық елге айналдыру міндетін жүктеп отыр. Осындай ауқымды жобадағы Прокуратураның рөлі қандай? Жалпы жасанды интеллект дәуірінде прокуратура қызметі қалай өзгермек? Көпшілік көңіліндегі көптеген сауалдарға Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевпен болған сұхбатта жауап іздеп көрген едік, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 03 Қазан, 2025
Жамбыл Артықбаев: Дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу – ғылымға жасалған қиянат
Тарих – тек өткенді баяндау емес, ол халықтың болмысын, ұлттық санасын айқындайтын іргелі ғылым. Алайда соңғы жылдары тарихты, шынайы деректі бұрмалайтын тенденция пайда болды. Осы орайда кәсіби тарихшылар қоғамда тарихи мифтерге тосқауыл қоюдың жолын қарастыруға шақырады (Өмір Тұяқбай мақаласының ізімен).
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Түзетулердің нәтижесінде конституционализмнің жаңа кезеңі басталды – Индира Әубәкірова
ҚР-ның Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова 2022 жылы қабылданған конституциялық түзетулер туралы айта отырып, жаңартылған Конституция Қазақстандағы конституционализмнің жаңа кезеңін бастауға негіз болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президенттер жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанның көптеген халықаралық түйткілге қатысты ұстанымы – ортақ. Әсіресе, Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту екі елдің мүддесіне сай келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 14 Тамыз, 2025
Еліміз ЖИ нарығында маңызы бар елге айналуы керек
2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 4,8 триллион долларға жетуі – адамзаттың технологиялық даму тарихындағы ең ауқымды серпілістердің бірі болмақ. Бұл – тек ІТ саласының емес, тұтас экономиканың құрылымын, еңбек нарығын, білім беру жүйесін және тіпті мәдениетті өзгертуге қабілетті құбылыс. Осындай қарқынды өзгерістер жағдайында еліміз бұл үдерістен шет қалмауға тиіс.
Пікір • 28 Шілде, 2025
Су қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық қадам
Ғылым мен техника саласындағы 2025 жылғы Әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Қазақстан Республикасының Гидрогеологиялық карталарының атласы» – ғылыми дәлдік пен заманауи технологияның үйлесімінен туған бірегей еңбек. Атлас авторлары – М.К. Абсаметов, Р. Аязбаев, Е.И. Көлдеев, Е.Ж. Мұртазин, В.А. Смоляр. Аталған авторлар – отыз жылдан астам уақытты қамтыған (1985-2020) кешенді гидрогеологиялық зерттеулерді жүйелеп, оны практикалық тұрғыда қолдануға ыңғайлы, жоғары технологиялық өнімге айналдырды.
Заң • 18 Шілде, 2025
Медицина, археология және баспа өнімдері ҚҚС-тан босатылады
Бүгін Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. Сол орайда, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаевадан пікірін сұраған едік, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 27 Маусым, 2025
Түрлі саладағы тілшілер: бір мамандық – мың мүмкіндік
XXI ғасырды бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес, себебі бұл сала жыл өткен сайын дамып келеді. Журналистика әлеуметтік институт болғандықтан, халыққа әлемде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді. Билік пен азаматтар арасында алтын көпір қызметін атқаратындықтан қоғамның негізгі қозғаушы күші де ең алдымен, журналистер қауымы. 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында осы саланың ыстығына күйіп, суығына төзіп, жан-жақты қабілеттілігі мен әмбебаптығының арқасында түрлі салада еңбек етіп жүрген әріптестеріміз еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 20 Маусым, 2025
Балалар әдебиетінің бүгінгі ахуалы
Жуырда Сенат депутаты Руслан Рүстемов оқырман ұрпақты тәрбиелеу үшін балалар әдебиетінің көлемі мен сапасын арттырып, жаңа технологиялық тәсілдермен ұштастыру қажет екенін және мектеп кітапханаларында қазақ тіліндегі балалар әдебиетінің айтарлықтай жетіспейтінін айтып, алаңдаушылық білдірген еді. Балалар руханиятының мәселелері жалпы қай кезеңде де маңызды. Ал балатану ілімінің қалтарыс-бұлтарысына үңілуге ғұмырын арнаған балалар ақын-жазушыларына, жалпы балалар әдебиетіне мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп жатыр?
Экономика • 17 Маусым, 2025
Өңдеу өнеркәсібі – Қазақстанның шынайы әлеуеті
Экономист Айбар Олжаев Қазақстанның соңғы 30 жылдағы экономикалық даму бағытын саралай келе, елдің шын мәнінде қандай салаларда табысқа жете алатынын және қандай бағыттардың әлі де арман күйінде қалғанын айтты. Тек соңғы жылдары ғана мемлекет өз мүмкіндігін нақты бағалап, өңдеу өнеркәсібін басты бағытқа айналдыра бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
«Азамат» пікірсайысында ауыл мен қала арасындағы білім беру теңсіздігі талқыланды
«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жаңа шығарылымында еліміздегі өзекті тақырыптардың бірі – ауыл мен қала арасындағы білім беру сапасындағы теңсіздік талқыланды. Пікірсайыс алаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері өз көзқарастарын ұсынып, нақты шешу жолдарын ортаға салды.
Отбасы • 16 Мамыр, 2025
Отбасында әкенің рөлі зор болуы қажет - Бекдайыр Күзембай
Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы әрі тірегі саналатыны мәлім. Қазақ халқы әкені асқар тауға теңейді. Ал қазіргі уақытта «Отбасы құндылығында» әкенің рөлі қандай? Осы орайда республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, аталған бірлестіктің Астана қаласы бойынша филиал төрағасы, қала әкімдігінің жасөспірімдердің құқығын қорғау комиссиясының мүшесі, «Бала толағай» федерациясының президенті Бекдайыр Күзембаймен әңгімелескен едік.
Зерде • 10 Сәуір, 2025
Зерендіде жастардың бірегей пікірсайыс академиясы өтеді
Биыл маусым айының 9-13 күндері аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауылында орналасқан көркем табиғатты Aurora Garden демалыс аймағында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Debat Eli Academy» пікірсайыс академиясы өтеді. Бұл – еліміздің әр түкпірінен жиналатын жас пікірсайысшылар үшін жаз мезгіліндегі маңызды оқиғалардың бірі болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Наурыз, 2025
Конституциялық соттың жаңадан құрылуы айрықша болды - депутат
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуден басталған түбегейлі саяси реформалар Мемлекет басшысының бастамасымен осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған еді. Осы орайда бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Үнзила Шапақ өзінің пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2025
Ұлттық дамудың негізі ұлттық идеологияда жатыр - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса еліміздегі саяси реформалардың атқарылу барысы туралы пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 17 Наурыз, 2025
Болашаққа арналған міндеттерді белгіледі – Бибігүл Жексенбай
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген мәселелері тұрғысында Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Facebook әлеуметтік желісінде жазған пікірінде түйінді шешімдерге тоқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Наурыз, 2025
Президент бірыңғай уақыт белдеуі туралы пікір білдірді
Жақында Үкімет бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне әсері жайлы зерттеудің нәтижесін жариялаған еді. Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент осы мәселеге қатысты ойын ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Наурыз, 2025
БҚМУ-да тұрақты даму мақсаттарына негізделген пікірсайыс өтті
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті қызметіне тұрақты даму идеяларын белсенді енгізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2025
«Азамат» бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады
«Хабар» телеарнасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Азамат» бағдарламасы эфирге қайта оралады. Бұл туралы «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 11 Ақпан, 2025
ҚҚС мөлшерлемесін кезең-кезеңмен өсірген дұрыс - сарапшы
Үкімет ұсынған салық мөлшерлемелерін саралау моделі кәсіпкерлердің де көңілінен шығып отыр. Осы тұрғыда «Dasco Consulting Group» ЖШС-нің басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов өзінің сарапшылық пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 07 Ақпан, 2025
Жеті рет өлшеп, бір рет кес – Мархабат Жайымбетов
Бүгін Мемлекет басшысы бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде Үкіметке ҚҚС мөлшерлемесі бойынша ұсынысы жоғары екендігін нақты айтқаны мәлім. Осы орайда Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетовтен пікір білдіруін сұраған едік, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 30 Қаңтар, 2025
Перспективалы орта кәсіпорындарды дамыту маңызды - сарапшы
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйлегені мәлім. Осы орайда Қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы Қосман Қажкеновтен пікір білдіруін сұраған едік.