Заң • Бүгін, 18:31

Медицина, археология және баспа өнімдері ҚҚС-тан босатылады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. Сол орайда, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаевадан пікірін сұраған едік, деп жазады Egemen.kz.

Медицина, археология және баспа өнімдері ҚҚС-тан босатылады

Фото: Видеоскрин

«Жаңа салық кодексі Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленді. Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарды, салықтардың саны 20 пайызға азайды. Сонымен қатар, инвестицияны арттыру бойынша көптеген белсенді жүйелерді көбейту, сән-салтанат заттарына салық жүктемесін арттыру – маңызды өзгерістер», дейді Жазира Мыңбаева.

Сондай-ақ, Ж.Мыңбаева қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілгенін және қор нарығын ынталандыру үшін биржалық құнды қағаздарға төленетін дивиденттерге салық жеңілдіктері сол қалпында сақталатынын, «Бәйтерек» ұлттық қорынан шығарылған бағалы қағаздар корпоративтік табыс салығынан босатылатынын атап өтті.

Сонымен қатар сарапшы кітап өнімдерін шығару, археология салалары – қосымша құн салығынан босату көзделгенін тілге тиек етті.

«Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі белгіленді: 2026 жылдан – 5 пайыз, 2027 жылдан – 10 пайыз, бұл – бейімделу үшін. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге ҚҚС есепке жатқызу бойынша 70 пайыздық үлес 80 пайызға арттырылып отыр, бұл – ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген салық жүктемесін азайтуға бағытталған», дейді аталған департаменттің бас сарапшысы.

Жазира Мыңбаева өз сөзінің соңында қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегі 20 айлық есептік көрсеткіштен 10 айлыққа дейін азайтылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Терезеден төнген ажал

Төтенше жағдай • Бүгін, 23:09

Әкімнің үйін үптеп кетті

Қоғам • Бүгін, 22:26

Есірткі сатамын деп есі кеткен

Есірткі • Бүгін, 21:59

Бурабайдың баукеспелері

Қылмыс • Бүгін, 21:24

Болмаған алаяқтық

Қоғам • Бүгін, 20:53