П
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Депутат: Стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалар іс жүзінде жүзеге аспаған
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин коммуналдық және энергетикалық салалар туралы депутаттық сауалын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға жолдады. Депутат өз сөзінде, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы коммуналдық және энергетикалық салалардың қазіргі жай-күйіне өте нақты баға бергенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Қаңтар, 2026
Шопандар мен бақташылардың балаларын әскерге шақыру кейінге қалдырылуы мүмкін
Қазақстанда шопандар мен бақташылардың балаларын мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мәселесі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп қарастырылмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенатта мал шаруашылығын дамыту перспективалары талқыланған отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Баспа саласы білім мен мәдениеттің сенімді тірегіне айналуы тиіс
Ұлттық құрылтайда айтылған ойлар кітапхана, цифрлық мұра және білім мазмұнына қатысты елдің рухани даму бағытын айқындады. Бұл бастамалар баспа саласына да жаңа жауапкершілік жүктейді.
Оқиға • 21 Қаңтар, 2026
Шымкентте жол апатынан кейінгі кісі өлтіру оқиғасына қатысты күдіктілер ұсталды
Шымкент қаласында жол апатынан кейін туындаған жаппай төбелес салдарынан бір адам қаза тауып, төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Венада өткен Түркі апталығы түркі елдерінің халықаралық беделін нығайтты
2026 жылғы 12–15 қаңтар аралығында өткен Венадағы Түркі апталығы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) айтулы іс-шараларының бірі болып, Ұйымның көпжақты деңгейдегі көрінімділігін және халықаралық деңгейдегі көпжақты өзара ықпалдастығын едәуір нығайтты, деп хабарлайды Egemen.kz Түркі мемлекеттер ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Әзербайжан Трамптың Бейбітшілік кеңесіне шақыруын қабылдады
Бұл шақырту шамамен 60 елге жіберілген, олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения бар. Мәскеу бұл ұсынысты зерделеп жатыр, ал Астана, Минск және Ереван оны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Жапония соты экс-премьерді өлтірген қылмыскерге қатысты үкім шығарды
Жапонияда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2026
5 жыл ішінде Солтүстік Аралдың көлемі қаншалықты ұлғаяды?
Солтүстік Арал теңізінің ауданын 34 км³ дейін, ал оның аумағын 4-5 жыл ішінде 3 913 км² дейін жеткізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Давос қаласына бет алған АҚШ президентінің ұшағынан ақау шығып, кері қайтты
Швейцарияның Давос қаласына бет алған АҚШ президенті Дональд Трамп мінген Air Force One ұшағы кенет бағытын өзгертіп, Мэриленд штатындағы базаға кері оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Шаруашылық • 21 Қаңтар, 2026
Иранға астық экспорты 72%-ға артты
2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Ақ Бидай-Терминал» АҚ арқылы астықты ауыстырып-тиеу көлемі 316,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 72%-ға артық. Экспорттың басты бағыты қазақстандық астыққа тұрақты қызығушылық танытатын Иран Ислам Республикасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 21 Қаңтар, 2026
Роналдудың рекорды қайталанды: Мбаппе бір маусымда 11 гол соқты
Мбаппе Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ең көп гол соққан Роналдумен теңесті. Роналду – 2013/14, 2015/16 жылдары 11 гол салған болса, Мбаппенің гол саны бұл межеге 2025/26 жылдары жетті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Янукович тағы 15 жылға сотталды: Украинаның экс-президентіне жаңа үкім шықты
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке тағы бір сырттай үкім шығарылды. Ол жер телімдерін заңсыз иемденгені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Украинаның Жоғары антикоррупциялық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Жапонияда туристер мінген тікұшақ жоғалып кетті
Жапонияның Кумамото префектурасында туристік тікұшақ жоғалып кетті. Оның бортында үш адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан
Бородулиха ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында мемлекеттік жерлерді заңсыз иелену және орман қорына заңсыз қол сұғу деректері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?
Еліміздегі суперкомпьютерлер халықаралық деңгейде мойындалып отыр. Мысалы, елдегі Alem.Cloud суперкомпьютері әлемдік рейтингте 500 суперкомпьютердің алғашқы жүздігіне енген. Ал, енді бірі Al-Farabium халықаралық рейтингте 103-орында тұр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 2025 жылды қорытындылаған брифингте журналистің коммуналдық мәселе төңірегінде қойған сауалына келешекте бұл қызмет француздық компанияға сенімгерлік басқаруға берілетінін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды
Жүргізуші 1 жыл ішінде 155 рет жол ережелерін өрескел бұзған. Ол тіпті биылғы 16 күннің ішінде 18 рет жол ережесін бұзып үлгерген екен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті
Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған онлайн байқауға 10 мыңға жуық оқырман қатысты. Облыс әкімінің қолдауымен көпшіліктің кітапқа құштарлығын ояту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі байқау үміткерлердің жас ерекшелігіне қарай үш санат бойынша өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жеңіл өнеркәсіп саласында кадр даярлау жүйесін дамытуға арналған кеңейтілген басқосу өтті. Оған білім, жеңіл өнеркәсіп саласының мамандары қатысты. Ташкенттен өкілдер онлайн қосылды. Кездесуде дуальды оқыту жүйесі, өндірістік практика, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығына бейімдеу мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Қаңтар, 2026
Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?
Бұқаралық шаңғы жарысы 24 қаңтар күні ұйымдастырылады. Жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Кеше кешкісін Ұлан ауданының Бозанбай ауылынан шопандар әдеттегідей қой жаюға шыққан. Алайда, қатты боран салдарынан кері жол таппаған. Бірнеше сағаттан соң ғана бірі ауылға түсіп, жанындағы шопаннан адасып қалғанын айтқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін
Алматыдағы Есентай өзенінде қауіпті жағдай сақталып отыр – қатты аяз бен мұздың жиналуына байланысты мұзды су селі қайта жүру қаупі бар. Бұл туралы бүгін «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Полиция жылды қорытындылады: Нәтиже қандай?
Шымкент қаласының Полиция департаменті өткен жылғы жұмыстарын қорытындылады. Алдағы күнге жоспарларын белгіледі. Кеңеске Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысқан бір топ азамат марапатталды
Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 20 Қаңтар, 2026
Астанада 500 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды
Елордалық полицейлер бес күнге созылған рейд барысында 530-дан астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында екі адам жайылымдағы жылқыны атып алып кеткен
Жамбыл облысында жайылымдағы жылқыны атып кеткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қаңтар, 2026
Опера және балет театры Сингапур сахнасында өнер көрсетеді
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алғаш рет Сингапурде гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Қойылымдар 23-25 қаңтар аралығында NUS университетінің мәдениет орталығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Мейіргүл Жетпісбаева: Парламент қызметін қайта құру мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі еліміздің саяси жүйесін түбегейлі трансформациялаудың жаңа бағдаршамына айналды. Бұл баяндама жай ғана өзгерістер емес, Қазақстанның мемлекеттік құрылымының сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуін айқындап берді.
Білім • 20 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы қазіргі тәртіптің бұрмаланғанын және оны тез арада түзету қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Партиялардың Парламентке өту межесі 5 пайыз болып қала бере ме?
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың Парламентке өту межесін 5 пайыздан 7 пайызға қайтару туралы пікірлерге қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.