Фото: Қала әкімдігі
Іс-шара шеңберінде спорттың 4 түрі бойынша жарыстар өтеді. Атап айтқанда: қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс, белбеу күресі.
Қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербайдың айтуынша, бұл жарыс дәстүрге айналған. Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол 16 жас ерекшелік санаты бойынша қыздар мен ұлдар арасында өткізіледі.
«Қашықтықтар 500 метрден бастап 1 және 2,5 шақырымға дейін белгіленген. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталып, жалпы старт 11:00-де беріледі. Барлық жарыстарға қатысу тегін. Барша тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз», деді Ержігіт Өсербай.
Аталған іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.