Гастроль аясында театр сингапурлық көрерменге екі бағдарлама ұсынады. Атап айтсақ, «Классикалық балет жауһарлары» («Аққу көлі» (адажио), «Сильфида», «Дон Кихот» балетінен үзінді) және Альберто Алонсо қойып, музыкасын Родион Щедрин жазған бір актілі «Кармен-сюита» балеті. Бұл қойылым – құмарлық, еркіндік пен тағдыр тақырыптарын терең ашатын әлемдік хореография өнеріндегі көркем туындылардың бірі. Өнер ұжымының шығармашылық сапарына сәттілік тілейміз.
Айта кетейік, бүгін Ұлттық құрылтайда Президент екі жылдың ішінде еліміздегі 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделетінін айтты.