Фото: Алматы әкімдігі
Жұмыс сапары ішкі рейстер терминалынан (Т1) басталды. Мұнда кешенді жаңарту жұмыстары қолға алынған. Делегация жолаушыларды тіркеу және жүк беру аймақтарындағы өзгерістермен танысты. Әуежай басшысының айтуынша, терминалды жаңғырту биыл шілде айында аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, автотұрақты кеңейту және әуежай аумағында қонақ үй кешенін салуға арналған жер теліміне қатысты жоспарлар ұсынылды.