Заң • Бүгін, 14:07

Шетел азаматының багажынан 21 келі марихуана табылды

1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті кеден органдарымен және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының әуежайында есірткіні алып өту әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетел азаматының багажынан 21 келі марихуана табылды

Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 келі марихуана табылған. Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды.

Полиция органдары бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп, халықаралық қылмыстық топтардың call-орталықтарын жою бойынша арнайы операция өткізді.

Соңғы жаңалықтар