Руханият • Кеше
Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні екінші рет атап өтіледі. Осыған орай еліміздің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін арттыруға, зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы басталды.
Әдебиет • Кеше
Өмірде кез келген дүниенің шеті мен шегі барын білеміз. Сол шекарамен өмір сүреміз. Тек адамның ой-қиялы ғана шексіз, шетсіз ғаламға ұшады. Адам аяғы баспаған нүктеге, қолы тимеген ғажайыпқа ең алдымен ойы жетеді. Тынымбай Нұрмағанбетовтің Шашубайы да («Шашубай» әңгімесінен), міне, отбасы, ошақ қасында қолтығына жастығын қысқан күйі жаз шықса, там саламын деп армандап отыр. Өзі темір пештің жанында жантая жатса да ойша іргетасы да құйылып, кірпіші де қаланып, шатыры да еш әуресіз жабылып жатыр.
Әдебиет • 15 Сәуір, 2026
Әдебиет және әдебиеттанушы мерейі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ақын, әдебиеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Әскербекқызының мерейтойына арналған «Заманауи әдебиеттанудың теориялық мәселелері және структуралистік-феноменологиялық зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Руханият • 15 Сәуір, 2026
Көңілдің кейбір кездерінде қайталап оқығың келетін кітаптар болады. Қарап тұрсақ, бұл да бір жақсы әдеттен туған «ауру» екен. Араға біраз уақыт салып, талай рет оқыған сол шығармаға аңсарың ауып тұратыны қызық. Бұл аңсар кейде мезгілмен келеді. Күздің қоңыр салқынында себепсіз Сайынды оқығың келетіні сияқты.
Көрме • 14 Сәуір, 2026
Елорда төріндегі «Has Sanat» өнер галереясында Қазақстан мен Қырғызстан суретшілерінің «Нұр шашу» атты халықаралық көрмесі ашылды. Экспозицияға Әсел Тілеулен, Сансыз Мирзираимов, Абай Насиридин уулу және Ислам Дооровтың 60-тан астам кескіндеме туындысы қойылған.
Өнер • 11 Сәуір, 2026
Ұлттық музейде корейлік жаңа медиа суретші әрі композитор Хван Сонджонның «Планетарлық өрім: Теллуриялық ырғақтар мен тоғысқан естеліктер» атты жеке көрмесі ашылды.
Ғалам ғажаптары • 10 Сәуір, 2026
Бірнеше күннен бері бәріміз NASA жариялаған Жердің, Айдың таңғажайып суреттерінен көз ала алмай отырмыз. «Мынау біздің үйіміз» деп өз планетамызды сыртынан көру сөзсіз толқытады. Сол бір шардың ішінде біздің де жүрегіміз соғып тұр. Біздің де ізіміз бар. «Адамға табын, Жер, енді!» деп Олжас (Сүлейменов) жырлағандай, біздің де қиялымыз сол ғарышкерлермен бірге Айға бір-ақ ұшты.
Көрме • 09 Сәуір, 2026
Оғыз мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен таныту мақсатында Қызылорда облысы әкімдігі мен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен Ұлттық музей мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе Ыстанбұл қаласындағы Түрік және ислам өнері музейінде «Оғыз феномені: Ұлы даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық көрме ұйымдастырды.
Мирас • 02 Сәуір, 2026
Ежелгі ғасырлардан сыр шертетін киелі Түркістан өңірінің әр тасы тарихқа толы, шежіреге бай. Мыңжылдықтардың куәсі болған көне қала топырағын аяғыңмен басып, тарихи орындарын көзбен көрудің әсері, әрине, тым бөлек. Жуырда «Балуан тас сапары» экспедициясымен елорда әуежайынан он бір адам бортқа отырып, Шымкент шаһарына бет алдық. Қазақ халқының айрықша күш туралы дәстүрлі түсінігін жаңаша зерделеуге бағытталған жоба Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақ күшінің картасы» аясында жүзеге асып отыр. Бірнеше күнге созылған сапар барысында Сайрам, Ордабасы, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сауран аудандарын аралап, тарихи нүктелерге табан тіредік.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Сәуірдің алғашқы күні елімізде дәстүрлі Франкофония көктемі фестивалімен басталды. Осымен 16-рет ұйымдастырылған фестиваль аясында еліміздің бірнеше шаһарында – Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Қостанай қалаларында түрлі іс-шара жоспарланған.