Аймақтар • Бүгін, 17:02

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында екі жасар қыз құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті

«Шымкент қаласының 112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз баланың құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жіберілді. Келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды», делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп кеткен баланы алып шыққан. Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды

Осы ретте ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмау керек екенін тағы бір еске салды.

Қарағандыда он жастағы бала құдыққа құлап кетті

Соңғы жаңалықтар