Шаруашылық • 21 Қаңтар, 2026

Иранға астық экспорты 72%-ға артты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Ақ Бидай-Терминал» АҚ арқылы астықты ауыстырып-тиеу көлемі 316,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 72%-ға артық. Экспорттың басты бағыты қазақстандық астыққа тұрақты қызығушылық танытатын Иран Ислам Республикасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иранға астық экспорты 72%-ға артты

Өткен жылдың екінші жартысында жеткізілім логистикасына Ақтау – Каспий теңізінің Иран порттары бағытындағы теңіз флотының уақытша тапшылығы, ауа райы жағдайлары, сондай-ақ Ирандағы геосаяси жағдайдың өзгеруі сияқты факторлар айтарлықтай әсер етті. 

Ирандық сатып алушылар тарапынан сұраныс жоғары болғандықтан биыл «Ақ Бидай-Терминал» арқылы ауыстырып-тиеу жоспарын 400 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Экспорттық жөнелтулер үшін Каспиде түп тереңдету жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан қай елдерге астық тасымалдауды арттырды?

Астық терминалы тәулік бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, «Ақ Бидай-Терминал» АҚ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы. Оның негізгі қызметі – астықты теміржол көлігінен Ақтау портында теңіз кемелеріне ауыстырып-тиеу. Астық кешені Ақтау портында орналасқан, ол 2002 жылы салынған және Каспий өңіріндегі ең үлкені болып саналады. Терминал жылына 600 мың тонна астықты ауыстырып-тиеу қуатына ие.

Отандық астық экспорттаушылар субсидияны қай кезде алады?

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20