АҚШ-тың Газа секторына қатысты жоспарында аумақты уақытша халықаралық басқаруға алу және «Бейбітшілік кеңесін» құру ұсынылған. АҚШ жоспарына сәйкес, бұл кеңес секторды қалпына келтіру жұмыстарын да қадағалайтын болады. Кеңес төрағасы ретінде Дональд Трамптың тағайындалуы көзделген.
Еуропа «Бейбітшілік кеңесіне» күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше бұл құрылым БҰҰ-ны екінші қатарға ығыстыру мақсатында құрылуы мүмкін. Осыған байланысты, Еуропалық одақ елдерінің басым бөлігі бұл ұйымға қосылудан бас тартқан немесе бас тартуды жоспарлап отыр.
Кеңеске уақытша мүшелік үш жыл мерзімге тегін, ал тұрақты мүшелікті 1 млрд доллар көлеміндегі жарна төлеу арқылы алуға болады. Бұл қаражат «Бейбітшілік кеңесінің» мандатын іске асыруға, соның ішінде Газаны қалпына келтіруге жұмсалады.
Бұған дейін Трамптың Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға шақырғанын жазған болатынбыз.