Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026

Партиялардың Парламентке өту межесі 5 пайыз болып қала бере ме?

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың Парламентке өту межесін 5 пайыздан 7 пайызға қайтару туралы пікірлерге қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Партиялардың Парламентке өту межесі 5 пайыз болып қала бере ме?

Фото: Ашық дереккөз

«Партиялардың Парламентке өту межесін қазіргі бес пайыздан жеті пайызға қайтару қажет деген пікір айтылды. Бұл ереже кезінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамасымен қабылданған болатын. Бес жыл бұрын енгізілген осындай өзгерістер сайлау заңнамасын жақсартуға едәуір септігін тигізді. Межені төмендету арқылы Парламенттегі ірі саяси күштердің үстемдігін азайтып, партиялар арасындағы бәсекені күшейтуді мақсат тұтқан едік. Бүгінгі таңда осы норманың тиімділігіне көзіміз жетті. Ел тарихында алғаш рет Мәжіліске алты партияның өтуі – соның айқын дәлелі. Сондықтан мен бес пайыздық межені қалдырған жөн деп санаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, ұсыныстардың төртінші бөлігі заң шығарушы органның жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты болды. Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр.

«Заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын процедурасы ұсынылады. Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды. Осылайша, біз Парламент қызметін түбегейлі қайта құру арқылы осыған дейін жүзеге асырылған саяси реформаларды одан әрі жалғастырамыз. Мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастырамыз. Басты мақсатымыз да – осы», деді Мемлекет басшысы. 

Енді Мемлекеттік кеңесші лауазымы болмайды

Бұған дейін Мемлекет басшысының жаңа Парламенттің атауын «Құрылтай» деп атауды ұсынғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар