м
Оқиға • 20 Сәуір, 2026
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Ростов қаласындағы цирк қойылымы кезінде жыртқыш аң темір тордан асып, көрермендер отырған залға секіріп кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2026
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес әр жүргізушінің көлігінде міндетті қауіпсіздік жиынтығы болуы тиіс. Бұл талаптар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Сәуір, 2026
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Сербияда балалар мен жастар арасында өткен рапид шахматтан әлем біріншілігінде Қазақстан жастары топ жарды. 450-ден астам спортшы қатысқан жарыста қатысушылар 8, 10, 12 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2026
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Ақтау қаласында жеке бейнематериалдың заңсыз таралуына қатысты оқиға тіркеліп, полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2026
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған қылмыскерлер колонияға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 20 Сәуір, 2026
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Ақтөбеде кәсіпкер лицензиясы жоқ ломбардпен 93 миллион теңге табыс тапқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Сәуір, 2026
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Германиялық танымал HiPP компаниясы Аустрия, Словакия және Чехия нарығынан өз өнімдерінің бір бөлігін кері қайтарып жатыр. Бұған балалар ботқасынан егеуқұйрық уының табылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2026
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Елімізде 1 шілдеден бастап жұмысын адал атқармайтын құрылыс салушылардың бірыңғай реестрін енгізу жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық негізінде «қара тізімге» енген құрылыс компанияларының тұрғын үй нарығына енуіне шектеу қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 20 Сәуір, 2026
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Үкімет қаулысына сәйкес, мерекелік күндер тізімі жаңа тармақпен толықтырылып, 3 қыркүйек – «Қазақ тазысы мен төбет күні» болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 20 Сәуір, 2026
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Қытайда алғаш рет адам тәрізді роботтардың қатысуымен марафон өтті. Жарыс Пекин қаласында ұйымдастырылып, оған 100-ден астам гуманоид-робот қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 20 Сәуір, 2026
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жоба бекітілді. Жоба аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды экологиялық талаптарға сай жаңғырту көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2026
Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салған азамат жауапқа тартылды
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен Семей қаласындағы үй жануарын қорлау фактісі бойынша азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Сәуір, 2026
«Алтыналмас» акциялары AIX биржасында саудаға шықты
Astana International Exchange биржасы асыл металдар өндіруші «Алтыналмас» АҚ компаниясының акцияларының сауда-саттыққа жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 20 Сәуір, 2026
Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
Мұхтар Шаханов хәл үстінде жатқан сәтінен бастап жары Ханшайым Шаханова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған. Онда ақынның соңғы аманаты нақты айтылған. Бұл туралы журналист Назерке Шәкірбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2026
18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды
Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке қаласының өңірлік филиалы 2026 жылғы қажылық маусымына байланысты шектеулер мен талаптарды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2026
Жетібай балабақшасындағы оқиға: Полиция мән-жайды түсіндірді
Маңғыстау облысында балабақшаға қатысты тараған алаңдатарлық ақпараттан кейін полиция тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2026
Министрлік ескерту жасады: Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар жауапқа тартылады
Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы әдейі жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін тағы да еске салды. Ведомствоның мәліметінше, мұндай әрекеттер Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қарастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Сәуір, 2026
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Сәуір, 2026
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешова камзол дауына қатысты пікір білдірді. Ол Баян Алагөзованың қолындағы камзолдың түпнұсқа екенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Сәуір, 2026
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан дзюдошылары күміс медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Сәуір, 2026
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Бүгін Алматыда тоғызыншы Almaty Half Marathon өтті. Оған 44 елден 900-ге жуық желаяқ келіп, тоғыз жыл ішіндегі шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2026
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Павлодар қаласындағы ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық жасағына барды. Онда 14 жыл пайдаланылған нысанда алғаш рет жүргізілген реновация жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 19 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаладағы маңызды қоғамдық кеңістіктер тазартылды. Қарасу және Боралдай шағынаудандарында, сондай-ақ Үлкен Алматы каналының бойында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2026
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Маңғыстау облысында қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан 100-ден астам жылқы қырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Сәуір, 2026
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
«Қазгидромет» синоптиктері Алматы қаласы мен 14 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2026
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Елімізде балалардың ана атануы – қоғамды толғандырған өзекті мәселелердің бірі. Көбіне зорлық-зомбылықтың салдарынан болатын ерте жүктілік жағдайлары соңғы кездері жиілеп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Сәуір, 2026
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Таяу Шығыстағы жағдай күрт күрделенді. Иран билігі Ормұз бұғазын қайтадан жауып, стратегиялық су жолын қатаң бақылауға алатынын мәлімдеді. Тегеран мұндай қадамға АҚШ-тың Иран порттарына қойған теңіз блокадасына жауап ретінде барып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2026
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желіде продюсер Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2026
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің саны кеми бастады. Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында 407 іс тіркелген. Ал 2025 жылы жалпы саны 976 жемқорлық ісі тіркеліп, бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.