Фото: ашық дереккөз
Қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылық рәсімдерін реттелген әрі қауіпсіз жағдайда өткізу мақсатында енгізілген.
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Негізгі талаптарға сәйкес:
- 2026 жылғы 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Nusuk» платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады;
- 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан өзге визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.
Аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетіні ескертілді. Құзырлы органдар азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз өткізуге шақырды.
Нұрболат АМАНБЕК