Фото: Видеодан алынған кадр
Оқиға Ростовтағы цирктердің бірінде гастрольдік қойылым барысында болған. БАҚ-та жарияланған бейнежазбалардан жолбарыстың өнер көрсету сәтінде қоршау ретінде қойылған металл тордан секіріп, адамдар отырған аймаққа шығып кеткенін көруге болады.
Ростов облысы бойынша полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Құзырлы органдардың хабарлауынша, жануарлар кейін бірден торларға қайта қамалған, зардап шеккендер жоқ.