Энергетика • Бүгін, 10:54

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жоба бекітілді. Жоба аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды экологиялық талаптарға сай жаңғырту көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды

Фото: ашық дереккөз

Жаңа нысандарда «таза көмір» технологиялары енгізіледі. Олардың қатарында бу мен температураның жоғары параметрлерінде жұмыс істейтін қондырғылар, түтін газдарын тазартатын электрофильтрлер мен қап сүзгілер, азот оксидтерін азайтатын каталитикалық жүйелер және күкірт қосылыстарын жоятын десульфурация қондырғылары бар.

Көмір саласы кешенді дамуға бет алды

Сонымен қатар қолданыстағы көмір электр станциялары кезең-кезеңімен заманауи технологиялармен жаңғыртылады.

Еліміздегі көмір қорының көлемі қанша жылға жетеді?

Жобаны іске асыру нәтижесінде көмір электр станцияларындағы зиянды шығарындылар 34 пайызға дейін қысқарып, электр энергиясын өндіру тиімділігі арта түспек.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар