Оқиға • Бүгін, 11:45

Елорда көшесінде қауіпті дрифт жасаған шетелдік жүргізуші жауапқа тартылды

1 мин
оқу үшін

Астанада қауіпті дрифт жасаған 29 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда көшесінде қауіпті дрифт жасаған шетелдік жүргізуші жауапқа тартылды

Фото: Бейнежазбадан

Оқиға полиция департаментінің Жедел басқару орталығы операторлары тарапынан анықталған. Кейін патрульдік полиция жүргізушіні ұстап, көлік айып тұрағына қойылды.

Мәліметке сәйкес, ер адам BMW маркалы автокөлігімен адам көп жүретін орындарда маневрлер жасап, жолаушыларға қауіп төндірген.

«Аталған фактілер бойынша құқықбұзушы15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды», делінген хабарламада.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Полиция өкілдері жолдағы дрифт пен агрессивті жүргізу басқа азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертіп, мұндай құқықбұзушылықтарға қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте 34 жастағы ер адам жолда қауіпті әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар

LRT атауы өзгереді

Оқиға • Бүгін, 12:29