Қоғам • Бүгін, 10:44

Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салған азамат жауапқа тартылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен Семей қаласындағы үй жануарын қорлау фактісі бойынша азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салған азамат жауапқа тартылды

Фото: ашық дереккөз

Тексеру нәтижесінде оқиға абайсыз әрекет салдарынан болғаны анықталған. Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жануар иесі Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жануарлар туралы заңға енгізілген түзетулер: деректер, цифрлар және өзгерістердің себептері

Құзырлы органдар жануарларға қатысты кез келген заңсыз әрекет заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Қазақстанда иесіз жануарларды тегін вакцинациялау тоқтатылады

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар