Белгілі болғандай, жергілікті блогерлер құқық қорғау органдарына жүгініп, WhatsApp мессенджері арқылы жеке пайдалануға арналған бейнежазбаларының рұқсатсыз таралғанын хабарлаған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол қала тұрғыны және кәмелетке толмаған жасөспірім екені белгілі болды.
Алматы прокуратурасы блогер Әділетхан Молдаханның ісіне қатысты пікір білдірді
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция азаматтарға жеке, құпия сипаттағы материалдарды иесінің келісімінсіз тарату заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.