Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
209 материал табылды

Талбесік • 17 Қаңтар, 2025

Аңшылар неге жабырқап жүр?

Ертіс бойының халқы аңшылықпен ертеден бері айналысады. Бағзы дәуірде ол тіршілік кәсібі болса, бүгінде көңіл құштарын басатын әуесқойлық сипат алған. Өкінішке қарай, өңірдегі аңшылар кейінгі жылдары бірқатар кедергіге ұшырап отыр.

Кітапхана • 17 Қаңтар, 2025

Алақан аясына сыятын кітаптар

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада көлемі алақанға сыйып кететіндей 150-ге тарта кітап бар. Жуырда коллекция жаңа туындымен толықты.

Өндіріс • 25 Желтоқсан, 2024

Мүмкіндігі мол алкилат өндірісі

Павлодар облысында еліміз үшін бірегей жоба – жылына 97,6 мың тонна алкилат өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы бас­талды. Кәсіпорын іске қосылса, еліміздегі мұнай өндірісі алкилатты октанды арттыратын компонент ретінде пайдалануға көшеді. Мамандар бұл отандық отын сапасын арттыруға және қор­шаған ортаға зиянды әсерді айтарлықтай азайтуға мүмкін­дік беретінін айтып отыр.

Зерде • 07 Желтоқсан, 2024

Шаһидолла шапағаты

Кеңес өкіметінің атеистік саясаты еліміздегі мешіттерді жаппай құртып, молдаларды қуғынға ұшыратқанға дейін ұлтымыздың перзенттері білім мен ілімнің озық үлгілерін діни оқу орындарынан алғаны әмбеге аян. ХХІ ғасыр басындағы имамдар мен хазіреттер шын мәнінде ағартушылық қызмет атқарды. Кереку өңірінде діни-ағартушылық бағытта белсенді еңбек етіп, халықтың ықыласына бөленген діни қайраткердің бірі – Шаһидолла Түйтебекұлы.

Еңбек • 04 Желтоқсан, 2024

Мал союдың машақаты

Ертіс-Баян өңірінде мал соятын және өлекселерді көметін орындарға қатысты мәселе туындап отыр. Кейбір ауыл тұрғындарына жалғыз қойын сойса да, 50-60 шақырым жерге сандалуға тура келеді. Ал мал қорымдарының жоқтығынан кейбір ауданда бруцеллез ауруы өршіп кеткен.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2024

«Жылжымалы дәріхана» өңірлерге тиімді ме?

Еліміздегі дәрі-дәрмек нарығы жыл санап өсіп келе жатқанымен, шалғай ауылдардың халқын сапалы медициналық препаратпен қамтамасыз ету мәселесі әлі де шешілмей тұр. Мұны ескерген Үкімет жақында ауылдар үшін жылжымалы дәріхана пункттерін іске асыру туралы заң жобасын жариялады. Мұнда қандай мәселелер ескерілуі керек?

Құқық • 30 Қараша, 2024

Қорғансыздың күні

Павлодар облысында қорғансыз, толық емес отбасыларда өмір сүріп жатқан балалардың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы жиілеп тұр. Айналдырған бір аптаның ішінде кәмелет жасына жетпегендерді зорлаудың төрт бірдей дерегі тіркелді. Ал жыл басынан мұндай 30 оқиға анықталған.

Өндіріс • 29 Қараша, 2024

«Богатырь»: аты – дардай, ісі қандай?

Екібастұздағы «Богатырь» көмір кеніші мен оның бұрынғы 70 қызметкері арасында әлеуметтік біржолғы төлемге қатысты дау туындап отыр. Кәсіпорында еңбек жағдайлары зиянды ортада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес биыл 55 жастан зейнетке шыққан кеншілерге ұжымдық шартта көрсетілген кәсіптік төлем төленбеген.

Мәселе • 20 Қараша, 2024

Ақылы жол талапқа сай ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес» деген еді. Ертіс-Баян өңірінің аумағында жалпы ұзындығы 1026 километрді құрайтын үш ақылы жол бар. Оның негізгісі «Астана – Павлодар» автобаны болса, тағы екеуі «Павлодар – Қалбатау» және «Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолдары. Ақылы жолдардың қысқы дайындығы мен қызметіне қатысты бүгінде бірқатар мәселе бар.

Теңге • 15 Қараша, 2024

Бағасы бөлек коллекция

Теңге – тек ақша емес, төл тарихымызды танытудың үлгісіне айналуы керек. Бүгінде қазақ елінің ақша жасау өндірісінде коллекциялық монеталарға басымдық берілген. Әлгіндей монеталардың бір бөлігі тарихи тұлғаларымыз бен ұлттық салт-дәстүрімізге арналып отыр.