Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
636 материал табылды

Ең қысқа әңгіме • 31 Шілде, 2024

Зағип альпинист

Америкалық Эрик Вайхенмайер көз торының туа біткен ақауына қара­мастан, Эверест шыңын бағын­дыр­ған азамат. Ол осылайша, мүм­кіндігі шектеулі адамдардың өзі көп нәрсе тындыра алатынын дәлелдеді.

Ғылым • 30 Шілде, 2024

Бес мықтының биігі

Иранның Исфахан қаласында өткен IPHO-2024 халықаралық физика олимпиадасында озат оқушыларымыз төрт күміс және бір қола медальға қол жеткізіп, 100 пайыз нәтиже көрсетті.

Ең қысқа әңгіме • 30 Шілде, 2024

Бұлжымайтын заңдылық

Әр Олимпиаданың ашылу салтанаты Грекия елінің делегациясымен бас­талады. Өйткені Олимпиада ота­ны – Эллада елі. Ал шеру сайы­с өтіп жатқан мемлекеттің делегациясымен аяқталады. Бұл – ешқашан өзгермейтін қағида.

Ең қысқа әңгіме • 30 Шілде, 2024

Алғашқы медаль қашан берілді?

1894 жылы Халықаралық Олимпиада ко­митеті құрылды. Бір қызығы, Афины қаласындағы алғашқы Олим­пия ойын­дарында тек қана бірінші және екін­ші орындарға ие болғандар ғана медаль­мен марапатталған.

Спорт • 30 Шілде, 2024

Ең жас қатысушы

Қабілет жас таңдамайды. Франция астанасы Париж қаласында өтіп жат­қан XXXIII жазғы Олимпия ойын­дарындағы ең жас спортшы – қытайлық Чжэн Хаохао.

Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2024

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

2026 жылғы ақ Олимпиаданы Ита­лияның Милан және Кортина-д’Ампец­цо қалалары қабылдайды. Бұл шешім Парижде өтіп жат­қан Халық­­аралық Олимпиада ко­ми­тетінің 142-сессиясында қабыл­данды.

Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2024

Бұрын-соңды болмаған

2025 жылы Сауд Арабиясында киберспорттан алғаш рет олимпиада өтеді. Ол қандай спорт дейсіз ғой? Бұл – компьютер арқылы жекелей немесе командамен ойналатын жарыс. Яғни қатысушылар бір-бірімен шынайы емес, виртуалды өмірде бақ сынасады.

Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2024

Жанкешті жанкүйер

Маңғыстау облысының тұрғыны Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарын көрмекке Франция астанасына велосипедпен барған.

Қоғам • 26 Шілде, 2024

Тәжірибе жинады

Назарбаев университетінің бес студенті жазғы мектеп аясында Қытайда тәжірибе жинап қайтты.

Білім • 24 Шілде, 2024

Жас физиктер жарап тұр

Грузияның Кутаиси қаласында өткен EuPhO-2024 Еуропалық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы төрт медальмен толықты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл білім бәйгесі биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Халықаралық физика сайысына осы жылы 55 елден 256 оқушы қатысып, бақ сынаған. Ел намысын қорғаған оқушыларымыз екі күміс, екі қола медальға қол жеткізіп, аталған сайысқа қатысқан 55 елдің арасында жалпыкомандалық тоғызыншы орынды иеленді.