Ғылым • Бүгін, 08:30
Қазір стартап десе көпшілік мобильді қосымшалар мен онлайн қызметті ғана елестетеді. Такси шақыратын, тамақ жеткізетін, оқу платформаларын ұсынып жүрген жобалар аз емес. Ал «DeepTech» – мүлде басқа деңгей. Бұл сала ғылымға сүйеніп, жаңа технологияларды әзірлейді. Осы бағыттағы стартаптарды жасау ұзақ уақытты, қомақты қаржыны және жоғары білікті мамандарды талап етеді. Бірақ нәтижесі де соған сай, яғни «DeepTech» жобалар нақты салаларды түбегейлі өзгерте алады.
Ғылым • Бүгін, 08:05
Бүгінде ғылымға қызығып, болашағын осы саламен байланыстырғысы келетін оқушылар аз емес. Мәселен, Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Сара Сайранова мен Әмина Тайжанова Қаракөлдегі экологиялық жағдайды зерттеп, аққулардың жаппай қырылу себебін анықтауға атсалысты. Олар ғылыми негізделген ұсынысын тиісті мекемелерге жолдап, нәтижесінде заңбұзушылық жойылды. Жас зерттеушілердің бұл еңбегі халықаралық байқауда да жоғары бағаланып, жүлделі бірінші орынға ие болған еді.
Білім • 08 Сәуір, 2026
Астанада 13 елден келген студент ЖИ технологиялардың заң жүйесіне әсерін зерттеді
Астанадағы Maqsut Narikbayev University-де «International Legathon MaxUP 2026» екінші халықаралық заң саласындағы кейс-чемпионаты өтті. Ауқымды сайысқа 13 мемлекеттен 90-нан астам студент қатысты, деп жазады Egemen.kz
Жоба • 03 Сәуір, 2026
Қазіргі жас буын цифрлық технологияларды еркін қолданып, жаңа мүмкіндікті батыл игеріп келеді. Бүгінгі оқушылар тек тұтынушы емес, тың идея ұсынып, нақты өнім жасап жүрген жасампаз ортаға айналды. Осындай талапты жастың бірі – Алматы қаласындағы №214 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Нұрлыхан Майлин. Ол 17 жасында қазақ тілін үйрететін «SayRa» мобильді қосымшасын жасап шықты. Жас әзірлеуші бұл жобасы арқылы мемлекеттік тілді заманауи форматта меңгертудің жаңа жолын ұсынып отыр.
Тұлға • 02 Сәуір, 2026
Бірде Ахмет Жұбанов пианинода ойнап отырса, қызы Ғазиза: – Осы бір тұстағы нотаны ылғи қате аласыз, – депті. Сонда әкесі әуенді кенет тоқтатып: – Қызым-ау, мен сен сияқты академиктің перзенті емеспін ғой, – деген екен.
Digital • 01 Сәуір, 2026
Жасанды интеллектінің әлеуетін арттыруға ең әуелі мол дерек пен соны талдайтын қуатты есептеу жүйесі керек. Айталық, дәрігерге көмектесетін бағдарлама бірінші кезекте медициналық мәліметтерді жинақтайды. Сол секілді жолдағы кептелісті болжайтын жүйе көлік қозғалысына қатысты деректермен жұмыс істейді. Содан соң барып сол ақпаратты саралап, нақты шешім ұсынатын деңгейге көтеріледі. «Astana Hub» алаңында өткен ашық кездесуде осы мәселені шешуге бағытталған нақты мүмкіндік таныстырылды.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде домбыра кафедрасының оқытушысы, философия докторы (PhD) Айтолқын Тоқтағанның «Дина Нұрпейісова күйлерінің рухани әлемі» атты монографиясы таныстырылды. Алқалы жиынға күйші-зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Білім • 31 Наурыз, 2026
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысының қорытындысы жарияланды. Жоба елімізде заманауи әрі қолжетімді білім инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған. Кейінгі үш жылда жүзеге асқан жұмыс білім сапасын арттырумен қатар, өңірлер арасындағы теңсіздікті азайтуға да серпін беріп отыр.
Қоғам • 28 Наурыз, 2026
Елордалық оқушы Батырхан Мұхтархан экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиадада абсолютті жеңімпаз атанды. Астана халықаралық қаржы орталығында өткен білім додасының финалдық кезеңіне еліміздің барлық өңірінен іріктелген 115 оқушы қатысып, 50 жүлде сарапқа салынған еді. Сол үздіктердің қатарынан суырылып шыққан Батырхан бұл жолы да өзінің алғырлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ғалам ғажаптары • 27 Наурыз, 2026
Польшалық теңізші Кристина Хойновска-Лискевич – дүниежүзін кемемен жалғыз өзі айналып шыққан тұңғыш әйел. Ол бұл сапарын 1976 жылы бастап, екі жылға жуық уақыттан кейін мәресіне жетті.