Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
448 материал табылды

Ғалам ғажаптары • 03 Маусым, 2025

Киноның ықпалы

Ғарыштық зымырандарды ұшыру кезінде қолданылатын кері санау әдісін алғаш ойлап тапқан ға­лым­дар мен инженерлер емес, кинема­тографистер.

Балалар • 31 Мамыр, 2025

Әр жеткіншектің несібесі бар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында былтыр әр балаға 100,52 доллардан есептелсе, биыл қаржы сомасы 129,38-ге дейін өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.

Digital • 30 Мамыр, 2025

Керек дерек

«eGov Mobile» қосымшасында үй жануарына арналған цифрлық паспорт қызметі іске қосылды. Бұл құжат үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасымен байланысты жұмыс істейді.

Ғалам ғажаптары • 29 Мамыр, 2025

Өзгеше өсиет

1926 жылы Канада мемлекетінде бұрын-соңды болмаған ерекше бай­қау өтті. Торонто қаласының ауқат­ты заңгері Чарльз Вэнс Миллар дүние­ден өтер шағында өсиет жазып қалдырған еді. Маңызды құжатта «500 000 доллар мұрамды он жыл ішінде ең көп баланы дүниеге әкелген анаға табыс етемін» делінген.

Ғалам ғажаптары • 29 Мамыр, 2025

Сәтсіздіктен кейінгі серпіліс

Кейде өмірде үлкен жетістік бас­тапқы мақсаттан емес, соған апарар жолдағы сәтсіздіктен туындайды. Соның бір жарқын мысалы – «YouTube» платформасы. Қазіргі таңда әлемдегі ең ірі бейнежүктеу сервисі ретінде танылғанымен, бұл жобаның әуелгі идеясы мүлдем басқа бағытта болған.

Ғалам ғажаптары • 29 Мамыр, 2025

Боксшы роботтар

Қытайда алғаш рет роботтар арасында бокстан ресми турнир өтті. Ерекше жарыстың ережесі кәдімгі боксқа ұқсас. Яғни қарсылас құлап, сегіз секундта секіріп тұрмаса, же­ңілгені деген сөз.

Білім • 28 Мамыр, 2025

Таным тақпақтан басталады

Қытай даналығы «Бір жыл­дығыңды ойласаң – күріш ек, он жылдығыңды ойласаң – ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң – адам тәрбиеле» дейді. Адам тәрбиелеу – бала­дан басталады. Ал бала­ның танымын қалыптас­тырып, тілін дамытуда тақпақтың алатын орны ерекше. Ғылым дәлел­деген, зерттеулер көр­сеткен айғақты артық­шылықтарын шып-шырға­сымен түгендеуге кіріссек, есебіне жетіп болмаймыз. Әйтеуір, көп. Ең кернеу дегендері – баланың есте сақтау қабілетін арттырады, ойлау жүйесін дамытады, тіл байлығын молайтады. Сонымен қатар тақпақ арқылы балада бейнелі ойлау қалыптасып, дүниетанымы кеңейе түседі. Бірақ бүгінгі балабақшада айтылатын өлең шумақтарының тақпақтан гөрі шатпаққа көбірек ұқсайтыны неліктен? Балдырғандарға сапалы өлеңдерді қалай таңдаған дұрыс? Тілі кеш шығатын бөбектерге жаңылтпаштың қандай пайдасы бар? Осы сұрақтардың жауабын біз кәсіби мамандардан сұрап білдік.

Ғалам ғажаптары • 24 Мамыр, 2025

Атомнан аман қалған

«Қырық жыл қырғын болса да, ажал­ды өледі» деген сөз жапон ин­же­­нері Цутому Ямагутидің өмі­­­­рі­не дәл келеді.

Ғалам ғажаптары • 24 Мамыр, 2025

Зообақ ішіндегі зообақ

Жануарлар сізге емес, сіз жануарларға қарап тұрғандай әсер алғыңыз келе ме? Онда сізге Жаңа Зеландиядағы Орана зообағына бару керек.

Ғалам ғажаптары • 24 Мамыр, 2025

Куәлігі бар аю

«Мүмкін емес, бірақ шындық» деп осындайда айтатын шығар, сірә. Аюдың мотоцикл айдағанының өзі қалыптан тыс құбылыс. Ал оның жүр­гізуші куәлігіне ие болғаны тіп­тен таңғаларлық жағдай.