Ғалам ғажаптары • 19 Қыркүйек, 2025
Жетісу облысының студенттері «Алисаға» балама болатын ерекше дыбыстық көмекші жасап шықты. Енді олар бұл қосымшаны жасанды интеллектімен байланыстырып, мүмкіндігін кеңейтуге кірісіп жатыр.
Ғалам ғажаптары • 19 Қыркүйек, 2025
«OpenAI» компаниясы ChatGPT-дің балаларға арналған арнайы нұсқасын әзірлеп жатыр. Егер жүйе қолданушының жасын нақты анықтай алмаса, бірден жасөспірімдерге арналған бетке ауысады. Ата-аналар баланың аккаунтын бақылап, пайдалану уақытын шектей алады.
Ғалам ғажаптары • 19 Қыркүйек, 2025
Токиода өткен әлем чемпионатында швециялық сырықпен секіруші Арман Дюплантис 6 метр 30 сантиметр биіктікке секіріп, әлем рекорд жасады.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс» деген еді.
Егемен Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2025
Дәстүрлі баспасөз – ел бірлігінің діңгегі
«Қазақ газеттері» серіктестігінің шаңырағында Қазақстан халқы Ассамблеясы академиясының «Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулі аясында тәжірибе алмасу жиыны өтті. Серіктестіктің бас директоры Дихан Қамзабекұлы модераторлық еткен басқосуға өңірлік ҚХА журналистер клубтарының төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз хатшылары, депутаттар мен ҚХА мүшелері қатысты.
Ғалам ғажаптары • 18 Қыркүйек, 2025
Алдағы уақытта кәдімгі компьютерлік тінтуірді қолданбауымыз мүмкін. Ғалымдар оның орнына экранды басқарудың жаңа тәсілін ойлап тапты.
Ғалам ғажаптары • 18 Қыркүйек, 2025
Әлем елдері қоқыстың көбейгеніне алаңдап жатса, Қытай керісінше қоқыс тапшылығын сезініп отыр. Соның салдарынан елдегі ірі қоқыс өртейтін зауыттар толық қуатта жұмыс істей алмай, тіпті кейбірі қалдықты сырттан сатып алуға мәжбүр.
Ғалам ғажаптары • 18 Қыркүйек, 2025
Автокөліктегі қауіпсіздік жастықшасын жақсы білеміз. Енді соның ұшаққа арналған нұсқасы пайда болуы мүмкін.
Ғалам ғажаптары • 17 Қыркүйек, 2025
Кейбір адамдардың қан қысымы былайғы уақытта қалыпты болғанымен, дәрігерге барып өлшенгенде күрт көтеріліп кетеді. Бұл құбылысқа «ақ халат синдромы» деген атау да берілген. Мұндай кезде қысымның көтерілуі аурудың өзінен емес, дәрігерге қаралуға байланысты уайымнан туындайды.
Ғалам ғажаптары • 17 Қыркүйек, 2025
Әлемде жыл сайын 62 миллион тонна электронды техника жарамсыз күйге өтеді. Оның ішінде ноутбук, смартфон, теледидар сынды тұрмыстық құрал-жабдықтар бар. Бірақ соның тек төрттен бірі ғана қайта өңделеді, ал қалғаны қоқыс полигонына жіберіледі.