Banner
Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
258 материал табылды

Қоғам • 25 Ақпан, 2026

«Boran – Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме

Астана қаласында OzgeEpic креативхабының бастамасымен суретші және сәулетші Әсел Есжанованың «Boran − Буран» деп аталатын тұңғыш жеке көрмесі ашылды. Жоба қоғамның мәдени жадын, автор өмірбаянын, ғарыш және метафизикалық кеңістік тақырыптарын тоғыстырып, көрерменді визуалды және дыбыстық саяхатқа жетелейтін көркемдік оқиға ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 11 Ақпан, 2026

Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды

Астана қаласындағы TargetAI IT-компаниясының кеңсесінде №49 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Әділхан Рүстемұлымен кездесу өтті. Әділхан мектептердегі төбелес жағдайларын анықтауға арналған қауіпсіздік жүйесінің концепциясын әзірлеген, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Медицина • 30 Қаңтар, 2026

Цифрлы медицина: MedTech экожүйесін дамыту неге маңызды?

Astana Hub пен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл әріптестік елімізде денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды батылырақ енгізуге мүмкіндік береді. Әсіресе медицинаға арналған цифрлы өнімдер мен жасанды интеллект шешімдерінің жолын ашпақ, деп жазады Egemen.kz.

Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026

Көзі байлаулы спортшы рубик кубигін 11,67 секундта құрастырды

Рубик кубигін шешу көп адамға таныс. Бірақ оны көзді байлап шешу мүлде басқа деңгей. Мұнда жылдамдық қана емес, жады мен елестету шешуші рөл атқарады. 2026 жылғы 10 қаңтарда Аустралияның Сидней қаласында өткен Cubing at The Cube 2026 жарысында Чарли Эггинс 3×3×3 Рубик кубигін көзін байлап тұрып 11,67 секундта шешіп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл нәтиже Guinness World Records тарапынан ресми тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 30 Қаңтар, 2026

34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты

Әрі жарыс әрі мереке саналатын марафонда небір қызықтар мен адам таңғаларлық нәтижелер жиі болып тұрады. Мәселен, 2023 жылдың 8 қазанында Чикаго көшелерінде болған марафон тарихта қалды. Кениялық желаяқ Келвин Киптум 42,195 шақырымдық жарыста мәреге 2 сағат 35 секундта келіп, әлем рекордын жаңартты. Бұл нәтиже World Athletics тарапынан ресми түрде бекітілді. Рекорд 6 ақпан 2024 жылы ратификацияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026

Ғалам ғажаптары: Жердегі ең үлкен сурет қалай салынды?

Кейде өнер кенепке де, қабырғаға да сыймай қалады. Сондай сәтте сурет жердің бетіне түседі. Түркияда бір күні стадиондай кең алаң тұтас бояуға малынып, алып картинаға айналған. Guinness World Records дерегінше, жерге салынған әлемдегі ең үлкен суреттің көлемі 11 965,7 шаршы метр болған. Бұл рекорд Ыстанбұл қаласында 2013 жылғы 17 мамырда тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Ғалам ғажаптары • 30 Желтоқсан, 2025

Қытай мамандары қол мен аяққа арналған сезімтал протездер жасап шығарды

Бұл жаңалық мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, олардың қоғамға белсенді араласуына, еркін қозғалуына және еңбекке қайта оралуына жол ашады. Соңғы жылдары әлемде робототехника қарқынды дамып келеді. Ал жасанды интеллектінің қосылуы протездерді «жай құрылғы» деңгейінен шығарып, адам денесінің табиғи жалғасына айналдыруға жақындатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 30 Желтоқсан, 2025

Қазақстандағы мыс жобасына ірі инвестиция тартылды

Astana Hub қатысушысы, Сингапурда тіркелген қазақстандық Investbanq компаниясы капиталды басқаруға арналған AI-платформасымен танылғанымен, бұл жолы өзін нақты ірі мәміленің қаржылық әрі инвестициялық кеңесшісі ретінде көрсетті. Компания Қазақстандағы мыс жобасына қытайлық Lygend Resources & Technology Co., Ltd. корпорациясын стратегиялық инвестор ретінде тартып, Verum Mining-пен бірге бірлескен кәсіпорын құруға және қазақстандық тараптың үлесін сақтай отырып инвестициялық құрылымды қалыптастыруға атсалысты. Алғашқы кезеңі 125 млн АҚШ долларына бағаланған келісім жергілікті бастама мен жаһандық капиталдың тоғысқанын ғана емес, қазақстандық бизнестің бақылау мен стратегиялық ұстанымды сақтай отырып халықаралық инвестицияны тарта алатынын да аңғартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалам ғажаптары • 30 Желтоқсан, 2025

Перу дәрігерлері сиам егіздерін ажыратты

Перу дәрігерлері жабысып туған сәбилерге күрделі операция жасап, оларды бір-бірінен аман-есен ажыратты. Айлан және Алиф есімді егіздер омыртқа бөлігімен жабысып туған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалам ғажаптары • 29 Желтоқсан, 2025

Қытайда теңіз бетіне салынған күн электр станциясы пайдалануға берілді

Қытай теңіз бетіне салынған әлемдегі ең ірі күн электр станциясын пайдалануға берді. Құрлықтағы жер тапшылығы мен энергияға сұраныс қатар артқан кезеңде бұл жоба – «күн қуатын» жаңа кеңістікке, яғни ашық су айдынына шығарған ауқымды жоба болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика