Медицина • Бүгін, 16:45

Цифрлы медицина: MedTech экожүйесін дамыту неге маңызды?

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Astana Hub пен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл әріптестік елімізде денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды батылырақ енгізуге мүмкіндік береді. Әсіресе медицинаға арналған цифрлы өнімдер мен жасанды интеллект шешімдерінің жолын ашпақ, деп жазады Egemen.kz.

Цифрлы медицина: MedTech экожүйесін дамыту неге маңызды?

Алдымен MedTech ұғымын қарапайым түсіндіріп алайық. MedTech дегеніміз медицинаға көмектесетін технологиялар. Оған дәрігердің жұмысын жеңілдететін мобильді қосымшалар, пациентті қашықтан бақылау жүйелері, талдау жасайтын платформалар, медициналық құрылғыларға арналған бағдарламалар және клиникалық үдерісті реттейтін цифрлы сервистер кіреді. Мақсаты біреу: диагноз қоюды нақтылау, емді бақылауды жеңілдету, уақытты үнемдеу және қызмет сапасын арттыру.

Меморандум аясында Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы стартаптар әзірлеген өнімдерді бағалау кезінде сараптамалық және әдістемелік қолдау көрсетеді. Бұл деген сөз жобаның медицинаға пайдасын, қолдану логикасын, қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселелерін және клиникалық ортаға қаншалықты үйлесетінін кәсіби тұрғыдан қарап береді. Яғни стартап тек идеямен ғана қалмайды, нақты медициналық талаптарға жақындайды.

Дәрігерге көмекші

Орталықтың рөлі мұнымен шектелмейді. Цифрлы және ЖИ өнімдерін бағалауда олар әдістемелік ұсыным беріп, қандай көрсеткіштер маңызды екенін көрсетеді. Мысалы деректің сапасы, алгоритмнің тұрақтылығы, нәтижені түсіндіру мүмкіндігі, дәрігердің шешіміне қалай көмектесетіні, пациент үшін тәуекелі бар ма деген сияқты сұрақтар күн тәртібіне шығады. Денсаулық сақтау саласында «жұмыс істейді» деген сөз аздық етеді. «Қауіпсіз», «дәлелді», «тәжірибеге енгізуге дайын» болуы керек.

Astana Hub тарапынан стартаптар жобаларын кәсіби бағалаудан өткізе алады. Бағалау трекшн деректері, аналитика және презентациялық материалдар арқылы жүргізіледі. Трекшн дегеніміз өнімнің «тірі» екенінің белгісі. Қанша қолданушы бар, қанша ұйым қызығып отыр, сервис қаншалықты тұрақты жұмыс істейді, нарықта сұраныс бар ма деген нақты көрсеткіштер. Осындай деректер арқылы стартап әлсіз тұсын анық көріп, қай жерін күшейту керегін түсінеді.

Дәрігер «iPhone»

Екі тараптың байланысы бір мақсатқа тоғысады. Денсаулық сақтау саласын цифрлы трансформациялау, жасанды интеллект шешімдерін кезең-кезеңімен енгізу және Қазақстанда жетілген MedTech экожүйесін дамыту. Экожүйе дегеніміз бір ғана компания емес. Бұл стартаптар, дәрігерлер қауымы, ғылыми сарапшылар, мемлекеттік жүйе, клиникалар мен инвесторлар бір бағытта жұмыс істейтін орта.

Мұндай әріптестіктің практикалық пайдасы да түсінікті. Дәрігер құжатқа көп уақыт жоғалтпай, науқасқа көбірек көңіл бөлуі мүмкін. Талдау мен сұрыптау автоматтанса, кезек қысқаруы ықтимал. Ал дерекке сүйенген цифрлы құралдар дұрыс қолданылса, қателік тәуекелі азайып, шешім қабылдау жылдамдауы мүмкін. Әрине, мұның бәрі өнімдердің сапасына және оларды дұрыс енгізуге байланысты.

Перу дәрігерлері сиам егіздерін ажыратты

Меморандум Astana Hub-та өсіп келе жатқан стартаптарға медициналық жүйеге кірудің түсінікті жолын ұсынса, ғылыми орталыққа жаңа технологияларды қауіпсіз әрі дәл бағалап, тәжірибеге лайықтауға мүмкіндік береді. Бұл қадам денсаулық сақтау мен инновация арасындағы көпірді бекемдей түседі.

Соңғы жаңалықтар