Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
440 материал табылды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:22

Желіден жалыға бастады

Америкалық «Talker Research» компаниясы 2 мың адам арасында сауалнама жүргізіп, әр жастағы адамдардың те­лефонға тәуелділігін анықтаған еді. Бір таңғаларлығы, «цифрлық дәуірдің балалары» деп жүрген Z буынының 63%-ы әлеуметтік желіден жалығып, экран алдында өткізетін уақытын саналы түрде шектейтін көрінеді.

Қоғам • Бүгін, 09:17

Ең қымбат қуаныш

Ташкент базарларының бірінде жылдар бойы кітап сатып күн көрген әжей бір күні «заттарыңызды екі-үш күннің ішінде жинап, сауда орныңызды босатыңыз» деген ресми хабар алады. Күнделікті тірлігі кітаппен байланысты жан үшін бұл жаңалықтың қалай әсер еткені айтпаса да түсінікті. Осы сәтті жанашыр бір азамат бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген екен.

Білім • Бүгін, 08:37

Желіде жарысқан мұғалімдер

Цифрлы дәуірде әлеуметтік желіні сауатты қолдана білу заманауи маманның міндетіне айналды. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «TikTok» желісінде тағылымды контентті насихаттау мақсатында «Қазақстан мұғалімдері» атты байқау өтті.

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03

Алқынбайтын альпинист

Түркиялық альпинист Левент Коч әлемдік рекорд орнатты. Ол кейінгі үш жылда ең көп шың бағындырған спортшы атанып отыр.

Ғалам ғажаптары • Кеше

Құмды тоқтатқан технология

Қытайда шөлейт аймақтарды игерудің тосын тәсілі қолға алынды. Бос жатқан құмды өңірлерге күн электр стансасы салынып, оның асты бір мезетте бау-бақша мен егістікке айналып жатыр.

Тұлға • Кеше

Ғалым еңбегімен беделді

Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жалпы биология және геномика» кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы, Сардарбек Әбиұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғылымға және білімге ғұмыр арнаған тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға ғалымның әріптестері мен шәкірттері, бала күнінен бірге өскен дос-жарандары түгел жиналып, микология ғылымының майталманы туралы, оның ғылыми мектебі мен ұстаздық өнегесі турасында мазмұнды әңгіме өрбітті.

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қайғыдан туған қайрат

Ирландия тұрғыны Бекки Гилмор скейтбордпен 2 800 шақырым жол жүріп өтті. Бұл туристік бағыттар ішіндегі ең ұзақ сапар­лардың бірі саналады.

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең қымбат автопортрет

Әйгілі суретші Фрида Калоның автопортреті аукционда 54 миллион 600 мың долларға сатылды. Бәссауданы Нью-Йоркте «Сотбис» (Sotheby’s) аукцион үйі ұйымдастырған.

Қоғам • 09 Қаңтар, 2026

Есепке жүйрік оқушы

Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусанов республикалық олимпиаданың ең жас жеңімпазы атанды. Оның математика мен бағдарламалауға қызығушылығы бастауыш сыныптан-ақ байқалған. Қарапайым ойын ретінде басталған әуестік уақыт өте келе нақты мақсатқа айналып, жас өрен күні кеше республикалық Ауыл олимпиадасында информатика пәнінен бірінші орын жеңіп алды.

Жоба • 06 Қаңтар, 2026

Стоматология жұмысын жүйелеген

«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында жаңа буын компаниялар таныстырылып жатыр. Сондағы ерекше көзге түскен жобаның бірі – «MacDent». Бұл – стоматологиялық клиникаларға арналған аналитика, пациенттермен жұмыс және толыққанды басқару жүйесін ұсынатын платформа.

Яндекс.Метрика