Сурет ашық дереккөзден алынды
Теледидардан, әлеуметтік желіден немесе көшедегі баннерлерден көрген көрініс санамызда сақталып, біздің күнделікті әрекетімізге әсер етеді. Оны өзіміз де байқамауымыз мүмкін. Осындай ерекше маркетингтік айланы сәтті пайдаланған компаниялардың бірі – «Alka-Seltzer». Бұл – бас ауруы мен асқазан жайсыздығына қарсы қолданылатын танымал дәрі. 1960 жылдан бастап актерлер жарнамада бір емес, екі таблетканы стақанға қатар тастайтын болды. Дәл осы тәсілдің арқасында дәрінің сатылымы күрт артқан екен.