Сурет ашық дереккөзден алынды
Арнайы тұрмыстық жұмысқа бейімделген жасанды көмекшінің бойы 1,68 метр, салмағы 30 килограмм. Адамға ұқсайтын робот 70 килоға дейінгі жүкті көтеріп, таси алады. Оның ішінде Redwood AI жүйесі орнатылған. Сондықтан «NEO» тапсырмаларды лезде түсіне қояды. Яғни ол үй жинау, бөлме ішін реттеу, заттарды тасу, жарықты қосып-өшіру, есікті ашып-жабу, тіпті тұрмыстық техникаға көмектесу сияқты жұмыстарды атқара алады.