Сурет ашық дереккөзден алынды
Ғалымдар Норвегия, Швеция, АҚШ және Ұлыбританиядан жиналған 135 мыңнан астам ересек адамның дерегін талдаған. Қатысушылардың орташа жасы 63 шамасында. Олар сегіз жыл бойы қимыл-қозғалысын дәл өлшейтін құрылғыны тағып жүрген. Қатысушылардың 70 пайыздан астамы күніне сегіз сағаттан көп уақытты кеңседе отырып өткізген. Бірақ сыртқа шығып, аз уақыт серуендеп келгендер арасында созылмалы ауру да, қозғалысты шектейтін күрделі мәселе де болмаған.