
Осылайша шаһар басшысы медицинадағы мәселелерге билік назарын аудартпақ болған. Өйткені Белькастрода осы күні 1300 адам өмір сүреді. Оның жартысына жуығы егде адамдар. Бірақ медициналық орталықтар көбіне жабық тұрады. Жедел жәрдем көрсету бөлімі 45 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан мэр бұл бұйрықты мысқыл мағынасында түсінген дұрыс дейді.
Смарт сақина
Лас-Вегаста таныстырылған жаңа технологиялар жаһан назарын аударды.
Әсіресе «Ultrahuman» компаниясының «Rare» деп аталатын 18 караттық әшекей бұйымы елді еріксіз елең еткізді. Өйткені бұл смарт сақина сымбатыңызды сақтайды, саулығыңызды бақылайды. Стресс деңгейін, дене температурасын қалыпты ұстауға көмектеседі. Ал «L’Oréal» компаниясының «Cell BioPrint» құрылғысы теріге әжім түспеуін әжептеуір кешеуілдетеді. Айта кетейік, «Rare» жинағының бағасы шамамен 2,000 доллар. Жақын күндері Париж бен Лондон дүкендерінде сатылымға шығады.
Жылдам қуаттағыш
Ұялы телефонды тым ұзақ қуат-тау салдарынан өрт шығып жататын жайттар аз емес. Дәстүрлі «CES 2025» көрмесінде осы мәселенің шешімі табылды.
«Swippitt IPS» құрылғысы – смартфондарды 2 секундта-ақ толық зарядтайды. Link батарея корпустары қазірше тек iPhone 14, 15, 16 үлгілерімен үйлесімді. Жаңа технология осы жылы сатылымға шығады.