
Білім • 02 Қараша, 2024
Астанада «ҰБТ-ға 20 жыл: тестілеу арқылы білім беруді трансформациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның ашылу салтанатына АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланд, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Армения елдеріндегі емтихан орталықтарының өкілдері қатысты.
Білім • 02 Қараша, 2024
Мұғалім миссиясы – зерделі ұрпақ тәрбиелеу
Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден аса мектеп мұғалімі, колледждер мен жоғары оқу орнының оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім беру саласының ардагерлері мен сарапшылар қауымы «Amanat» партиясының «Мұғалім Talks» кейс-платформасында бас қосты. Олар орта және кәсіптік білім саласының өзекті мәселелерін талқылап, оны шешу жолдарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты.
Таным • 02 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Мұрасын итке қалдырған
86 жасында қайтыс болған үндістандық кәсіпкер 91 миллион фунт стерлингке бағаланған байлығын итіне, сондай-ақ қызметкерлеріне өсиет етті.
Таным • 01 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Гиннеске енген «Балбырауын»
Елордада бір мезетте үш мыңнан аса домбырашы «Балбырауын» күйін орындады. Өнер әлеміндегі осынау ерекше оқиға еліміздің Гиннесс рекордтар кітабына енді.
Ұстаз • 30 Қазан, 2024
Жақында білім саласындағы үздік жетістігі үшін Мемлекет басшысынан марапат алған мұғалімнің көңілі босап, көз жасына ерік берген сәті әлеуметтік желіде кеңінен тараған еді. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанған Абибулла Мыңасарұлы – қырық жылдан астам еңбек өтілі бар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Таным • 30 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Қоштасуға үш минут жеткілікті
Жаңа Зеландиядағы әуежайда үш минуттан артық құшақтасуға болмайды.
Digital • 29 Қазан, 2024
Қазір жасанды интеллект арқылы қаржы қызметін ұсынатын бағдарламалар біршама. 2019 жылы «Astana Hub»-та небәрі 7 финтех-компания тіркелсе, былтыр олардың саны 100-ге жетті. Бұл Технопарк резиденттерінің шамамен 6,6 пайызын құрайды, бірақ дәл осы финтех-стартаптар табыс көлемі жағынан алдыңғы қатарда. «Finflow», «Beksar», «Kwaaka» сынды жобалар кәсіпкерлерге, инвесторларға, жеке тұлғаларға қаражатты қадағалауға көмектеседі.
Таным • 29 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Төрт күндік жұмыс аптасы
Исландиядағы қызметкерлердің 51 пайызы төрт күндік жұмыс аптасына көшті.
Білім • 23 Қазан, 2024
Дәстүрлі түрде өтетін «Tech Orda» бағдарламасына қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл аталған жобаға қатысуға 35 764 өтінім түскен. Бұл рекордтық көрсеткіш – қоғам тарапынан жасанды интеллект пен ІТ-саласына сұраныс жоғары екенінің бірден-бір дәлелі. Одан бөлек, «Tomorrow School» жобасы да Ұлттық жасанды интеллект орталығын құрудың бастамасы болмақ.
Ғылым • 18 Қазан, 2024
Esil University-де «Сейітқасымов оқулары – 2024» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталған оқу ордасының алғашқы ректоры Ғабдығапар Сағитұлының ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған жиын биыл университеттің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.