Білім • Кеше

Шетелден шақырту алған түлектер

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің түкпір-түкпірінде білімге құштар, талабы таудай жастар өсіп келеді. Түрлі олимпиадалардан оза шауып, жетістікке жетіп жүрген дарынды оқушыларды жиі кездестіреміз. Олар – болашақтың шамшырағы, ел үмітін арқалаған жас буын. Заманауи оқушы тек сабақ үлгерімімен ғана емес, жаңашыл идеяларымен, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылысымен ерекшеленеді. Соның жарқын мысалы ретінде шетелдік университеттерден жаппай шақырту алған екі талапты түлек – Ақжүніс Атахан мен Айсұлтан Алтынбекті атап өтуге болады.

Шетелден шақырту алған түлектер

Сарыағаш ауданына қарасты №7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің 36 беделді университетінен оқуға шақырту алды. Нақтырақ айт­сақ, ол АҚШ, Канада, Түркия және Малайзиядағы жоғары оқу орындарына құжат тапсырған. Оның ішінде Америка Құрама Штаттарының – 17, Ду­байдың – 5, Түркияның – 6, Малайзияның – 5 университеті оған арнайы грант ұсынса, Канаданың бір университеті президенттік стипендиямен оқуға қабылдаған. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 111 балл жинаған Ақжүніс қазір ха­лық­аралық қатынастар мамандығын таң­дап отыр. Ол алдағы уақытта халық­аралық деңгейде білім алып, ел дамуына өз үлесін қосуды мақсат етеді.

Ал Арыс қаласындағы «Білім-ин­новация» лицейінің оқушысы Ай­сұлтан Алтынбектің жетістігі тіптен ауқымды. Ол әлемнің 86 университетінен шақырту алып, жалпы құны 4,6 миллион долларды құрайтын грант жеңіп алды. АҚШ, Ұлыбритания, Мажарстан, Германия, Оңтүстік Корея, Аустралия сынды елдердегі жетекші оқу орындары Айсұлтанның біліміне жоғары баға берген. Атап айтар болсақ, «Budapest University of Technology and Economics», «Eötvös Loránd University», «University of East London», «Albion College», «Hampshire College», «Drexel University», «DePaul University», «CU Boulder» (University of Colorado Boulder), «Drake University», «Temple University» сынды оқу орындарының арыстық түлекке таңдауы түскен. Бұл жоғары оқу орындары ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында алдыңғы қатарда. Ал жас түлектің арманы – ІТ саласында еңбек етіп, қазақ тілінде сайт жасап, шетелде оқығысы келетін ауыл балаларына жол көрсету. Бұл платформада шетелге оқуға түсу, құжат жинау, тестке дайындық туралы маңызды ақпараттар мемлекеттік тілде беріледі.

Ақжүніс пен Айсұлтан – ұстаз еңбегінің, ата-ана мейірімінің және өздерінің қажырлы талпыныстарының арқасында білім-біліктерінің халық­аралық деңгейде жоғары бағаланатынын дәлелдеді. Олар ертеңгі күні елге оралып, алған білімін туған жер игілігіне жұмсайтын азамат болып өседі деген сенім мол.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03