Ғалам ғажаптары • 06 Маусым, 2025

Кездейсоқ жаңалық

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейбір жаңалықтар – талай жылғы ізденістің жемісі. Ал кейбірі – мүлде кездейсоқ, тіпті ойда-жоқта пайда болады. Мәселен, шай қалташасының тарихы да осындай.

Кездейсоқ жаңалық

1904 жылы саудагер Томас Салливан шай жапырақтарын әдеттегідей қаңылтыр қорапқа емес, шағын жібек дорбаларға салып, тапсырыс берушілерге жібере бастайды. Бұл оған арзан әрі ыңғайлы көрінген. Бірақ ең қызығы – тапсырыс берушілер мұны жаңа қолдану әдісі деп қабылдаған. Олар қалташаны ашпай, сол күйі кесеге не шәйнекке салып, үстінен қайнаған су құя бастайды. Осылайша, бұл әдіс көпке ұнап, кейін шай өндірушілер арнайы қағаз қалташалар жасап шығарады.