
Таным • 31 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Ұшақта туған нәресте
«Uzbekistan Airways» әуе компаниясының Ташкент – Нью-Йорк рейсінің бортында ұл бала дүниеге келді.
Көрме • 30 Қаңтар, 2025
Жақында Ұлыбританияның Лондон қаласында «British Education Training and Technology Show» көрмесі өтті. Осынау білім алаңына еліміз алғаш рет ұлттық павильон ретінде қатысып, бірегей жобаларын таныстырды.
Таным • 30 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Ерлеген егіздер
Орал қаласында дзюдодан жасөпірімдер арасындағы ел чемпионаты өтті.
Сұхбат • 29 Қаңтар, 2025
Жандос Әубәкір: Мақсатымыз – жаңа буын абайтанушыларды қалыптастыру
Биыл хакім Абайдың туғанына 180 жыл толады. Бүгінге дейін абайтану саласында қандай жетістіктер бар, қазір нендей жұмыстар атқарылып жатыр және ақын мерейтойы қалай аталып өтпек? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жандос Әубәкірмен сұхбаттастық.
Білім • 28 Қаңтар, 2025
Репетиторға сұраныс азаймай тұр
Заман талабы, нарық ықпалы, әйтеуір кейінгі кезде репетиторға жүгінетіндердің қатары мол. Үлкендер жағы мектеп жасындағы ұрпақ-зәузәтінің пайдалы білім алуы жолында ештеңені аямайды екен. Ішіп-жемнен үнем қылса да, киім-кешектен жырымдаса да сұраған соманы артық қиындықсыз тауып бере алады екен. Өйткені кәрісі де, жасы да баланың оқуына кеткен ақша күндердің күнінде еселеп қайтады деп біледі. Содан да болар, тап қазір қосымша білім беру орталықтарының айы оңынан туып тұр. Бәрі жөн, бәрі құп. Тек «жалдамалы мұғалімге сұраныстың артуы мектептегі білім беру жүйесінің әлсіздігін көрсетпей ме?» деген заңды сауал ойландырады. «Оқушы дәл сол білімді мектеп мұғалімінен де алуға құқылы емес пе?» деген сұрақ толғандырады.
Таным • 28 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Оқушы ойлап тапқан жүйе
Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Айсұлтан Диханбай құқықбұзушылықтың алдын алатын тың жүйе ойлап тапты.
Жұмыс • 25 Қаңтар, 2025
3000 студент жұмыспен қамтылады
Астанада «Amanat» партиясының бастамасымен елордалық бірқатар колледж бен ірі кәсіпорын келісімге келіп, жұмысшы мамандықтары жылы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жоба • 22 Қаңтар, 2025
Қазір жасанды интеллект арқылы медицина мүмкіндігі молая түсті. Мысалы, рентген сәулесін талдайтын жүйелер дәрігердің уақытын үнемдеп, диагнозды дөп қоятын деңгейге жетті. Бұл – бір ғана мысал. «Astana Hub»-та дәл осындай өзіндік ерекшелігі бар 40 стартап тіркелген. Солардың ішінде «Autism Spectrum», «Daribar.kz», «CerebraAI», «CheckDoc» сынды стартаптардың бәсі биік. Бұл жобалардың бәрін бір сөзбен «MedTech» дейміз.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2025
Әділхан – «Apple» басшылығында
29 жастағы ақтөбелік Әділхан Қопабаев әйгілі «Apple» компаниясының басшылығына тағайындалды.
Технология • 16 Қаңтар, 2025
Осы күні цифрлық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Жасанды интеллектінің мүмкіндігі молайып, барлық салада басымдық алғанына куә болып отырмыз. Сондықтан бұл заманды «Digital дәуірі» десек еш қателеспейміз. Алдағы уақытта да цифрлық даму қарқын алып, осы бағыттағы жұмыстар Үкіметтің басты назарында болмақ.