Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:34

Ең қауіпсіз мемлекет

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше жарияланған Гэллап институтының жаһандық рей­тингінде Сингапур 12-рет әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет атанды.

Ең қауіпсіз мемлекет

Сауалнамада сингапурлықтардың 98 пайызы түнде жалғыз серуендегенде өздерін қауіпсіз сезінетінін айтқан. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Тағы бір қызығы, ерлер мен әйелдердің қауіпсіздік сезімі арасындағы айырмашылық жоқтың қасы, яғни ер азаматтардың 98 пайызы, әйелдердің 97 пайызы өздерін қауіпсіз деп санаған. Мамандар мұны қылмыстың өте төмен деңгейімен, полицияның тиімді қызметімен және қоғамдық тәртіптің қатаң сақталуымен байланыстырады. Әлемнің бірнеше елінде түнде жалғыз жүру қауіпті саналса, Сингапурда тұрғындардың басым бөлігі мұндай қорқынышты мүлдем сезінбейтін көрінеді.

Соңғы жаңалықтар

Оралу: рух күші

Руханият • Кеше

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Кеше