Фото: istockphoto.com
Жергілікті халық арасында «Джангми» деп аталған тайфун күншығыс елінің Окинава аралы мен Кагосима аймағына залал келтірген. Жапония үкіметі өкілі Минору Кихараның мәліметінше, Окинавада табиғи апат салдарынан 9 адам жарақат алған.
Кагосима аймағында 30 мыңнан астам үй жарықсыз қалса, Окинавада тағы 17 мыңға баспана электр қуатынан ажыратылған. Теңіз дауылына байланысты Жапонияның екі ірі әуе компаниясы – All Nippon Airways және Japan Airlines шамамен 600 рейсті тоқтатуға мәжбүр болды.
Үндістандағы табиғи апат: Жойқын дауылдан 89 адам қаза тапты
Қазір Жапонияда құтқару қызметтері зардап шеккен өңірлерде қалпына келтіру және қауіпсіздік жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін елдің оңтүстік-батыс жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын.