
Бұрын ғалымдар осы бір ерекше гүлдер ауадағы ылғалдан немесе мұз арасындағы тұзды судан түзіледі деп ойлаған. Бірақ Кембридж университетінің зерттеушілері жаңа дерек ашты. Олардың айтуынша, дәл осы ерекше құбылыс мұз бен ауа температурасының айырмашылығы кемінде 20°С болған жағдайда ғана пайда болады. Яғни мұз гүлдері Арктикада ғана емес, тұщы суқоймаларында да түзілуі мүмкін. Алайда олардың ғұмыры қысқа. Мұз қалыңдаған сайын, гүлдер жоғалып кетеді.