Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Ғасыр жасағандар көбейді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда 100 жастан асқан қариялардың қатары көбейіп ке­ле­ді. 2024 жылы елде ғасыр жаса­ған 17 900 адам тіркелген. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда шамамен 25 пайызға көп.

Ғасыр жасағандар көбейді

Мұнда әйелдердің орташа жасы 83,2 жыл, бұл ер адамдар көрсеткішінен бес жылға артық. Ғалымдар мұндай статис­тиканы халықтың өмір сүру жағдайы­ның жақсаруы, әл-ауқатының артуы және ­ме­дицинаның дамуы деп түсіндіреді. ­Де­­генмен, Макс Планк қоғамының ­­Қар­­таю биологиясы институты адам ағ­засы­ның табиғи шегі шамамен 120 жыл еке­нін ­айтады.