Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1622 материал табылды

Экология • 14 Мамыр, 2025

Ашхабадта климаттық өзгеріс талқыланды

Түрікменстан астанасы Ашхабадта Орталық Азия елдерінің климаттың өзгеруіне қарсы күреске бағытталған жетінші өңірлік конференциясы өтіп жатыр. «ОАҚӨК-2025» деп аталатын бұл ауқымды жиын аймақтағы экологиялық қауіптер үдеп, жаһандық температура рекордтары жаңарып жатқан тұста ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 14 Мамыр, 2025

Иорданияға тікелей рейс ашылады

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесу өткізді. Басқосу барысында екі ел арасындағы көлік қатынасын кеңейту және тікелей әуе байланысын орнату мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 14 Мамыр, 2025

Эр-Риядта 600 миллиард долларлық келісім жасалды

АҚШ пен Сауд Арабиясы Дональд Трамптың Таяу Шығысқа жасаған ресми сапары аясында жалпы құны 600 миллиард АҚШ долларын құрайтын бірқатар келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz DW ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Технология • 13 Мамыр, 2025

Елордада жас өнертапқыштар жарысы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2025» халықаралық робототехника фестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің жиырма облысынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елінен келген екі жүзден астам мектеп оқушысы қатысты. Жас өнертапқыштар алты санатқа сәйкес бақ сынап, өз жобаларын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 12 Мамыр, 2025

Суды пайдаланудың тарифі мен тәртібі жаңарды

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су қауіпсіздігі, тарифтік саясат және халықаралық су дипломатиясы жөнінде баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 12 Мамыр, 2025

Үндістан мен Пәкістан татуласа ма

10 мамырға қараған түні Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарулы қақтығыс жаңа әрі қауіпті кезеңге аяқ басқан еді. Екі ядролық держава арасындағы ширыға түскен шиеленіс халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып, БҰҰ, АҚШ, Ұлыбритания сынды жетекші державаларды арағайын болуға итермеледі. Сөйтіп, АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен тараптар атысты толық әрі шұғыл тоқтатуға келісім берді. Хош, тамыры бір, тәңірі бөлек елдердің ұрысы неден басталды, енді қайда бағыт алды, бұдан кейін көршілер тонның ішкі бауындай қайтадан араласып кете ала ма? Egemen.kz тілшісі сараптап көрді.

Өшпес даңқ • 10 Мамыр, 2025

Парадқа кіре алмаған Теңдік Изақов кім?

7 мамыр күні Астанада өткен әскери парад кезінде тыл ардагерінің салтанатты іс-шара аумағына кіре алмай қалғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қоғам назарына ілікті. Кейін бұл ардагер – Қазақстандағы нейрохирургия саласының дамуына зор үлес қосқан, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Теңдік Изақов екені анықталды.

Балалар • 08 Мамыр, 2025

Жазғы маусымда 3 миллионнан астам оқушы тынығады

Биыл жаз мезгілінде еліміздің түкпір-түкпірінде 3,1 миллионнан астам оқушының демалысы, сауықтырылуы және еңбекке бейімделуі ұйымдастырылады. Жоспарланған іс-шаралар балалардың белсенді демалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік бейімделуіне бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 08 Мамыр, 2025

Кеден саласы цифрланып келеді

Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласын жаңғырту аясында «Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастырып жатыр. Бұл жүйе «Ашық және басқарылатын кеден» тұжырымдамасы аясында қолданыстағы «АСТАНА-1» және «Экспорт-импорт операциялары жөніндегі бірыңғай терезе» платформаларын алмастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 08 Мамыр, 2025

Президент Мәскеуге аттанды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.