
Матч шамамен екі сағатқа жуық уақытқа созылып, көрермендер нағыз шиеленісті бәсекеге куә болды. Бірінші сет 7:6 есебімен, екіншісі де дәл сол көрсеткішпен аяқталды. Шевченко өз тактикалық шеберлігін, дәл соққыларын және ойын барысын бақылауда ұстау қабілетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жеңіс оның ATP рейтингінде жоғарылауына және келесі жарыстарда сенімді ойын көрсетуіне жол ашады.