Саясат • Кеше

Еліміз жаһандық басқару реформасын ұсынды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз әлемдік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа бастама көтерді. Ел Үкіметі тәуелсіз ғалымдар мен сарапшыларды тартуды көздейтін «Ғылыми сарапшылар альянсын» құруды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Еліміз жаһандық басқару реформасын ұсынды

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, альянс жаһандық саясаттағы негізгі бағыттарды, яғни су және азық-түлік қауіпсіздігі, цифрлық сенім, энергия тиімділігі, адам капиталы және климат мәселелерін ғылыми тұрғыдан талдауға негізделмек. Бұл ұйым әлемнің түрлі елдеріндегі зерттеу орталықтарын біріктіріп, халықаралық ұйымдарға сараптамалық ұсыныстар әзірлейді.

Мамандардың айтуынша, еліміздің бұл қадамы оның көпвекторлы және бейтарап дипломатиясына сай келеді. «Ортаңғы державалар» бастамасының өзегі – геосаяси ықпал үшін емес, ғылыми дерек пен ортақ мүдде арқылы шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыру.

Бастама БҰҰ мен өңірлік форумдарда талқыланып, халықаралық сарапшылар тарапынан қолдау табуы ықтимал.