Экономика • 03 Тамыз, 2022
Ұлттық экономика министрлігі жақында жақсы жаңалық жариялады: 2022 жылғы мамырда Қазақстаннан тауарлар экспорты 7,7 млрд долларды құрапты. Бір айдағы мұндай экспорт көлемі 2014 жылғы ақпаннан бері болмаған екен. Ол кезде экспорт көлемі 7,9 млрд долларға жеткен. Осылайша, еліміз тауарларды экспорттау жағынан осыдан 8 жыл бұрынғы межені бағындырып отыр.
Қоғам • 02 Тамыз, 2022
Тұрғын үй бағасы тұрақтала ма?
Қазақстанның тұрғын үй нарығы бір сәт тынышталғандай күйде. Былтырғыдай аласапыран жоқ. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, бүгінде жылжымайтын мүліктің барлық сегментінде сұраныстың азайғаны байқалған. Бір айдағы сату-сатып алу мәмілелерінің жалпы саны да 30 мыңға дейін қысқарған. Осыған қарап, баспана бағасы төмендеуі мүмкін деген оптимистік көзқарас танытуға да болар еді. Бірақ мамандардың болжамы басқа.
Қоғам • 02 Тамыз, 2022
Баспана сатып, пайда тапқандар салықтан жалтара алмайды
Қазақстанда тұрғын үйді сатқан кезде баспана бағасының 10%-ы көлемінде ұсталатын салық бар. Кезінде Үкімет бұл салық түрін енгізген кезде сарапшылар ел азаматтарының қалтасына айтарлықтай салмақ салатынын айтқан еді. Шынымен де тұрғын үй бағасы қымбаттаған қазіргі заманда жылжымайтын мүлік салығы тұрғындарға ауыр тиіп тұр.
Қоғам • 31 Шілде, 2022
Смартфондағы мемлекеттік қызметтер көбейді
Жұртшылыққа ноутбук пен компьютерге үңілгеннен гөрі смартфондарды пайдалану ыңғайлы. Сондықтан мемлекеттік қызметтің көптеген түрін телефонның көмегімен алуға болатындай деңгейге қол жеткіздік. Әңгімеміз – EGov mobile мобильді қосымшасы жөнінде. 2019 жылы іске қосылған қосымшаны бүгінде 2,4 млн қазақстандық белсенді пайдаланады.
Қоғам • 28 Шілде, 2022
Шетелдік көлікті аларда абайлаған жөн
Соңғы кездерде шетел азаматтарының Қазақстан аумағына көлік құралдарын уақытша алып келу оқиғалары жиілеп кеткен. Бұлар негізінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары. Олар «өзіміз мінеміз» деп әкелген көліктерін қазақстандықтарға нарықтағыдан арзан бағаға сатады. Бірақ мұндай автомобильдердің көбі кеден жағынан «таза болмай» шығады екен.
Қазақстан • 27 Шілде, 2022
Жалған дәрі-дәрмектің жолын кеседі
Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау басталды. Үкіметтің қаулысымен міндетті таңбалауға жататын дәрілік заттардың тізімі белгілі болды. Ең әуелі өндірілген дәрілік заттар міндетті түрде таңбаланады. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, міндетті таңбалау көлеңкелі бизнестің алдын алып, жалған медициналық препараттар өндірісіне тұсау салады.
Қазақстан • 25 Шілде, 2022
«Зерде» холдингі неге таратылады?
Елдегі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында осыдан 15 жылдай бұрын құрылған «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басынан соңғы жылдары «бұлт арылған» жоқ. Бүгінге дейін еш жерде аты шықпай, елеусіз жұмыс істеп келген мемлекеттік компания Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тексерісінен кейін бірден ақпарат құралдарының назарына ілікті. Бұл мәселе Президентке дейін жетіп, ақыр соңында холдинг жабылатыны белгілі болды.
Қоғам • 24 Шілде, 2022
Сергіткіш сусындар: сергіте ме, есірте ме?
Былтыр мектеп жасындағы балалар арасында семіздікке шалдығу факторлары бойынша арнайы зерттеу жүргізген Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жеткіншектердің 25 пайызы үйде тамақтанбайтынын, ал 16,7 пайызы газдалған тәтті сусындарды күнделікті тұтынатынын мәлімдеген. Ересектердің ішінде де қуат беретін сусынға құмартқандар көп. Жалпы, қазақстандықтар күніне шамамен 30 мың литр энергетикалық сусын ішеді екен.
Экономика • 19 Шілде, 2022
LRT: Тіректер енді «тіріле» ме?
Қазақты қарызға батырып кеткен «Астана LRT» желісі ара-тұра көтерілетін, бірақ түбі көрінбейтін жобаға айналғалы қашан?! Елорданың дамуына қатысты жиын бола қалса, журналистер міндетті түрде осы жобаны еске салмай қоймайды. Қала басшылығы да «түбі бір шешім қабылдаймыз» деп жауап беруден жалықпайды.
Қазақстан • 19 Шілде, 2022
Цифрландыру ел дамуына серпін береді
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елімізде цифрландыру жүйесі баяу жүріп жатқанын сынға алған еді. Президенттің тапсырмасына байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы жоспарлары мен қандай жұмыстар қолға алынып жатқаны жөнінде мәлімдеді.