Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
163 материал табылды

Экономика • Кеше

«Іскер аймақ» шағын кәсіпкерлікті қолдайды

Еліміз шағын бизнес иелерін қолдайтын тағы бір құжатты жарыққа шығармақ. Бұл туралы желтоқсан айының басында Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берген. Тіпті бірыңғай құжатты бірінші кезекте қабылдауды шегелеп айтқан-тын. Осыдан кейін-ақ іске кіріскен Үкімет «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» қаулының жобасын әзірледі.

Саясат • 19 Желтоқсан, 2025

Атқарылған жұмыс аз емес

Кеше Астанадағы Конгресс орталығы алаңында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындыларын жария­лап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Журналистермен еркін форматта жүздескен вице-министрлер Иран Шархан, Олжас Сапарбеков, Қуандық Қажкенов және Жәннат Дүбірова өз салаларына қатысты баяндама жасап, бұқаралық ақпарат өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Экономика • 16 Желтоқсан, 2025

Абат елдің айшықты бедері

Әр елдің сәулеті мен дәулеті құрылысынан да байқалады. Зәулім ғимараттар мен заманауи стиль­дегі нысандар – мемлекеттің бет-бейне­сін айшықтайтын стратегиялық күш. Қада­сы қағылған әрбір нысан – тәуелсіздіктің айқын же­тіс­­тігі болса, бой көтер­ген әр ғимарат – ұлт­тың өркендеуге деген ұмтылысы іспетті. Тәуелсіздік жылдарынан бері бұл сала тоқтаусыз дамып келеді. Отыз жылдан астам уақытта құры­лыс қарқынды дамып, эконо­миканың күре тамырына айналды. Бүгінде ІЖӨ-дегі осы саланың үлесі 6%-ға жетті.

Қоғам • 13 Желтоқсан, 2025

Шаруаларды сарсаңға түсірген лизинг

«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы алдымен фермерлерді, елдегі ауыл шаруашылығын қолдауға арналғаны белгілі. Бірақ бағдарламаға өтінім қабылдау басталғалы жеткізушілер ауыл техникаларының бағасын бірден қымбаттата бастаған. Ол ол ма, лизинг алушыларға белгілі бір көлік түрін нақты өндірушілерден ғана сатып алуға мәжбүрлеп, құқын шектеген.

Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025

Тұрғын үй: Жұрт көңілі неге алаң?

Жаңа Салық кодексі қолда­нысқа енеді дегелі жұрт­шылық тұрғын үй бағасына алаңдаулы. Үкімет жүйе­дегі жаңа өзгеріс­тер, соның ішіндегі қосыл­ған құн салығы баспана баға­сына әсер етпейді деп сен­дір­генімен елдің көңілі – елең-алаң. Әсіресе бас­пана­ға мұқтаж қарапа­йым ха­лықтың дені ҚҚС үйдің бағасын тіптен ша­рық­та­тып жібереді деген пікірде.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025

«Қазақмыс» – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары үздік компания

Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында бас жүлдені «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жеңіп алды. Марапатты корпорация басшылығына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.

Технология • 08 Тамыз, 2022

Цифрлы даму: Жаңа бетбұрыс

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі­нің хабарлауынша, ел өңірлерін, соның ішінде шалғай елді мекендерді байланыспен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Енді байланыс спутниктері арқылы олардың қамту аймағы кеңейтіліп, сапасы жақсартылмақ. Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша да әлем елдері рейтингінде 6 саты көтерілгені белгілі болды.

Қаржы • 05 Тамыз, 2022

Қаржы пирамидасы: Көп асқанға – бір тосқан

Соңғы бірер жылда қаржы пирамидасының құрығына түскен қазақстандықтардың қатары күрт артты. Оңай жолмен тезірек байығысы келген кейбір тұрғындар әй-шәйға қарамастан жинап-терген бар ақшасын күмәнді ком­паниялардың шотына салып, кейін бармағын тістеп қалып жатыр.

Қоғам • 04 Тамыз, 2022

Көліктерге SOS батырмасын орнату міндетті емес

Тауарларды өндіру және қызмет көрсету саласында белгілі бір талаптар мен ережелер бар. Солардың сақталуын Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитеті қадағалайды. Күні кеше комитет бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылап, атқарған жұмыстарының есебін шығарды.

Қоғам • 04 Тамыз, 2022

Мекенжай дерегін онлайн өзгертуге болады

Бұрын мекенжай мен жылжымайтын мүлік мәліметтерін өзгерту үшін тұрғындар біраз әуре-сарсаңға түсетін. Жақында «Ұлттық ақ­параттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет іске қосылғанын хабарлады. Осы цифрлы жүйенің арқасында жұртшылық енді үйден шықпай-ақ мекенжай туралы деректерді өздері өзгерте алатын болды.

Яндекс.Метрика