Медицина • 05 Қазан, 2017
Күйініп келіп, сүйініп шығатын орталық
Әртүрлі мәселелермен бетпе-бет келіп, құзырлы орган қызметкерлеріне сөзі өтпей, табанынан таусылып жүрген талай адам бар. Арыз-шағымын арқалаған жандар бүгінгі қоғамның көңіл-күйі іспетті. Олардың мәселесі шешілмей, елдегі ахуалды түзету мүмкін емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Адамдарды қабылдап, тыңдау керек, оларды кабинеттерге жүгіртпей, талап-тілегі ұсақ болса да шешілуі тиіс» дегені есімізде. Сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 100-інші қадамында Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатындай жағдай жасау керектігі айтылған. Мемлекет басшысының осы тапсырмаларына сәйкес Бас прокуратура халықтың мұң-мұқтажын шешуге арналған құқық қорғау қызметтері орталығын ашты.