Қазақстан • 18 Маусым, 2021
Бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемде 35-ші орындамыз
Кеше Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2021 жылдың әлемдік бәсекеге қабілетті елдерінің рейтингісін жариялады. Бұл рейтингте Қазақстан 35-орында тұр.
Қазақстан • 17 Маусым, 2021
Кәсіптің көзін тапқандар көбейіп келеді
Бизнес ашқысы келетіндерге көмек көрсетіп, кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасына биыл бес жыл толып отыр. Жобаның басты мақсат-міндеті қаншалықты орындалды, бүгінге дейін неше адамды кәсіпкер етіп шығарды? Бұл жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов газетімізге берген сұхбатында айтып берді.
Қазақстан • 16 Маусым, 2021
Орман деген – оттегі. Ағаш отырғызу игілікті іс қана емес, айналаны тазартатын, қатты дауыл мен аңызақ желден қорғайтын қорған іспетті. Қазақ елі экологиялық мәселелерге, оның ішінде жасыл желекті көбейту жұмыстарына да көңіл бөліп келеді. Қазіргі жоспар – еліміздің орман қорына бес жылдың ішінде екі млрд ағаш отырғызу. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.
Қазақстан • 16 Маусым, 2021
Мұқтаж жандардың несібесіне ортақтасқандар «Нұрлы жер» бағдарламасынан да байқалды
Баспанаға мұқтаж азаматтарды үймен қамту үшін мемлекет бірталай бағдарламаны жүзеге асырып жатыр: «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «7-20-25», «Баспана-хит», «5-10-20»... Бұл бағдарламаларға құйылып жатқан қаражат та қомақты. Мысалы, былтыр тек «5-10-20» бағдарламасына 390 млрд теңге бағытталса, «Баспана-хит» бойынша – 431 млрд теңге, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін 309 млрд теңге займ алынған.
Қоғам • 14 Маусым, 2021
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына елдің бәрі қатыса алмайды. Сондықтан жеңілдікпен үй ала алмайтын азаматтар баспаналы болудың басқа жолын іздеуге мәжбүр. Биыл сәуір айында Отбасы банкі тек әйелдерге арналған тұрғын үй бағдарламасын шығарды. Жарнамасы жақсы болған бағдарламаны әсіресе, әйелдер қауымы тағатсыздана күткені рас. Бірақ қасиетті Ұмай ананың (арнайы жарияланған конкурста қатысушылардың басым дауысы осы атауды жөн көріпті) есімін иеленген ипотека басталмай жатып, сынға ұшырады.
Экономика • 14 Маусым, 2021
5 млн теңгенің гранты кімге бұйырады?
Бизнес саласына қатысты тың идеяңыз бар ма? Қаржының аздығынан керемет бастамаңызды жүзеге асыра алмай жүрсіз бе? Онда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында өтетін байқауға қатысып, бақ сынап көріңіз. Мемлекеттік қолдау шеңберінде инновациялық жобаларға 2 млн-нан 5 млн теңге аралығындағы грантты ұтуға мүмкіндік беретін байқаудың шарты елордалық кәсіпкерлерге түсіндірілді.
Аймақтар • 11 Маусым, 2021
2024 жылға дейін ақылы жолдардың санын 11 мың шақырымға жеткізу жоспарда бар. Соның ішінде биыл I санаттағы жолдардың бес учаскесінде жол ақылы болады. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ төлем алынатынына сай жолдар тегіс, қауіпсіздігі жоғары болады деп сендіріп отыр.
Пікір • 09 Маусым, 2021
Қазақтың көбі қарызға белшесінен батқандай көрінеді кейде. Банкке де қарызбыз, бір-бірімізге де қарызбыз, қыл аяғы, ораза ұстап, Құдайдың алдында да қарыз болатынымыз бар.
Оқиға • 28 Мамыр, 2021
Автобустарды солтүстік өңірлерге бейімдейді
Машина жасау өндірісінің мықтылығы тек техниканың, оның құрамдас бөлшектерінің сапалылығына немесе қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне ғана байланысты емес. Дайын өнімге қарағанда оның ең басты артықшылығының бірі – жергілікті жағдайларға бейімделу мүмкіндігінің болуында.
Экономика • 27 Мамыр, 2021
Ұлттық валютамыздың дизайны арагідік өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл – жалған ақша жасаушылардың жолын кесу мақсатында да енгізілетін тәсіл. Бүгінге дейін төл теңгеміздің сыртқы безендірілуі төрт рет өзгеріпті. Сонда да алаяқтар қолдан ақша жасауды қоймай келеді. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктер барлығы 760 950 сомадағы 237 жалған ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анықтаған. Ал былтыр осы кезеңде 226 банкнот табылған болатын.