Қоғам • 18 Мамыр, 2021
«Atameken CUP» республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті бірлесе ұйымдастырған «Atameken CUP» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде 11 мың шақырым автожол ақылы болады. Оның ішінде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырымды құрайтын 18 учаске ағымдағы жылдың маусым айынан бастап пайдалануға беріледі.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2021
Әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі – энергия тапшылығы. Дәстүрлі қуат көздері – көмір, мұнай, табиғи газ қоры жылдан-жылға сарқылып барады. Сондықтан дүниежүзінің көптеген елі энергияны табиғи көздерден, яғни күн, жел, биомасса, геотермалды жылудан және су ағынынан алуға көшіп жатыр. Қазақстан да 2009 жылы арнайы заң қабылдап, жасыл энергетика саласына ден қоя бастады. Бүгінде бүкіл қазақстандық тұтынатын электр қуатының 3%-ы – жаңғырмалы энергия көздерінен келіп отыр. Бұл – былтыр қол жеткізген көрсеткіш. Егер осы қарқынынан жаңылмаса, 2050 жылға қарай күн, жел, басқа да табиғи ресурстардан алынатын энергия үлесі 50%-ға жетпек. Дегенмен, бұл салада проблема да жоқ емес.
Қоғам • 06 Мамыр, 2021
Әсілінде «дені дұрыс» кезек алға жылжиды. Бірақ жұртшылық балабақша орындарын әділ үлестіреді деп сенген indigo24.kz балабақша кезегі кері кетіп тұр.
Қоғам • 29 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында арбада отырған бір жігіттің келген жұртқа жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отырғанын жиі байқаймын. Өзі сондай елгезек. Кез келген сауалға қабақ шытпай, жауап беріп отырады. Осы ауданның тұрғыны ретінде бұл маманның кеңесіне талай жүгіндік.
Экономика • 28 Сәуір, 2021
«Ережені бұзған адам айыппұл төлейді, ал ережеге бағынған адам салық төлейді» деген Лоуренс Питердің сөзі бар. Сол айтқандай, заңға бағынатын әр азамат салықты уақтылы төлеуге міндетті. Қазақстанда 12 түрлі салық пен міндетті төлем бар десек, соның ішінде көлік салығы – жыл сайын дау болатын төлемдердің бірі. Азаматтардың көбі баяғыда сатылып кеткен көлігінің салығы өз атына келетініне наразы. Тіпті өмірі көлік айдамағандардың атына да салық байланғаны жиі айтылады.
Руханият • 23 Сәуір, 2021
2017 жылы елордада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ашылған еді. Аты да айтып тұрғандай, бұл орталықта рухани қазынамыздың құнды жәдігері саналатын, бағзы заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен, еш жерде кездесе бермейтін сирек жазбалар сақталған. Қазір орталықтың қорында 11 мыңға жуық сирек кітап болса, оның 316-сы – XIX-XX ғасырларға тиесілі бағалы еңбектер. Орталық қорында көне Құран кітабынан бастап, хадистер жинағы, ертедегі хандарымыздың жазған хаттары, бұйрықтары, біртуар тұлғалардың қолтаңбасы қалған туындылар, ежелдегі Ислам құқына қатысты кітаптар, әл-Фараби заманынан бергі жазбалар бар.
Қоғам • 22 Сәуір, 2021
Ертең, яғни 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күн. Осы атаулы күні әлемнің көптеген елі кітапқа, кітап оқуды ынталандыруға байланысты жалпыхалықтық сипаттағы мерекелер өткізіп жатады. Ал Қазақстандағы іс-шаралар тек кітапханалар деңгейінен аспайды.
Экология • 16 Сәуір, 2021
Бас шаһар түтінге тұншығып тұр. Әсіресе таңертеңгілік және кешкі мезгілде мұржалардан шығатын қою көк түтін астана аспанын торлап, иісі қолқаны қабады. Әдетте қаламыздың аяғын жерге тигізбей мақтаймыз. Бірақ көк түтінге келгенде, үніміз шықпай тұр. Былтыр «Қазгидромет» РМК дерегіне сәйкес, Нұр-Сұлтан елдегі ең лас қалалардың қатарына қосылған еді. 2019 жылы елордада атмосфераға 108 мың тонна ластаушы зат таралыпты. Оның 33,5%-ы (59 мың тоннасы) – жылу-электр орталықтарына, 29%-ы – жеке секторға, 32,5%-ы ескі көліктерге тиесілі болған.
Тарих • 15 Сәуір, 2021
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Сайлау Батырша-ұлы ғүмырының елу жылын мемлекеттік қызметке, соның ішінде ел мен елді табыстырған дипломатия саласына арнаған тұлға екенін ел жақсы біледі.