Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
170 материал табылды

Қазақстан • 04 Шілде, 2021

Елдің өркендеу өлшемі

Ертегі батырла­рындай еңсесін ер­те тіктеген елорда – ел­дігіміздің жүрегі, тәуел­сіздігіміздің тірегі. Елбасы астананы ауыстыру жөніндегі Жарлыққа қол қойғаннан бергі жиырма жылдан астам уақыт ішінде қала Еуразия кіндігіндегі ең жылдам дамып келе жатқан әсем шаһарлардың біріне айналды. Сәулеті мен дәулеті астасқан бас орда бүгінде күллі Қазақ елінің өркендеу өлшемі іспетті.

Экология • 02 Шілде, 2021

Қалдықтар да кәдеге асады

Қыбын тапса, күнделікті тастайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды да кәдеге жаратып, одан пайдалы заттар жасауға болады. Әлемде жыл сайын 2 млрд түрмыстық қалдық шығарылса, Қазақстанда шамамен 5 млн тонна қоқыс тасталады екен. Эколог-мамандардың пікірінше, жылына шығарылатын қоқысты қайта өңдеу арқылы 500 мың тоннаға жуық қағаз бен картон, 300 мың тонна шыны, 200 мың тонна металл, 500 мың тонна пластмасса алуға болады екен. Дүние жүзі мемлекеттері қатты қалдықтардан қайталама шикізат өңдеуге ерекше мән беріп отырғаны сондықтан.

Коронавирус • 02 Шілде, 2021

Елорда сауығар емес

Бас қалада карантиннің күшейтілуіне қарамастан коронавирус жұқтырғандардың қатары күрт өсті. Маусымның соңғы тәулігінде сырқаттанушылардың саны 800-ден асты. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты карантин үшінші мәрте күшейтілген жайы бар.

Қаржы • 02 Шілде, 2021

Онлайн несие оңай емес

Қазір көптеген адам шұғыл ақша керек болса, таныс-тамырына хабарласып, жалынып жатпайды. Бірден онлайн кредит рәсімдеп, қолма-қол ақша ала қояды. Бірақ оңай олжаның соңы опық жегізетінін жұртшылық ескере бермейтіні өкінішті. «Көрінбейтін» кредиторлар арқылы жұртшылық үйде отырып-ақ, телефон немесе компьютер арқылы несиені оп-оңай жолмен ала алады. Бірақ онлайн кредит оңай болғанымен, оны өтеу пайызы тым қымбат болып тұр.

Экономика • 30 Маусым, 2021

Қауіпті өнімнен қорғайтын құжат

Елді сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін алдымен денсаулыққа нұқсан келтіретін қауіпті де жасанды, контрафакт өнімдерімен күресу керек. Осы мақсатты көздеген «Техникалық реттеу туралы» заң биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Аймақтар • 21 Маусым, 2021

«Қызыл» мен «сарыны» кіргізбейді

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен вокзалдар келушілерді тек Ashyq қосымшасымен қабылдайтын болды. Егер жүйеде мәртебеңіз «жасыл» не «көк» болса, аталған ғимараттарға кіре аласыз, ал «қызыл» мен «сарылар» ішке ене алмайды.

Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Өрттің залалы қысқа мерзімде қалпына келтіріледі

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев өрт шыққан Жаңаөзен қаласындағы Қазақ газ өңдеу зауытына арнайы барып, қызыл жалыннан кел­ген залалды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Қазақстан • 21 Маусым, 2021

Бір теңгенің де сұрауы бар

Өткен бейсенбі күні Парламент Сенатының жалпы отырысында былтырғы республикалық бюджеттің атқарылу жайы қаралып, онда Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова ел қазынасындағы қаржының тиімсіз әрі мақсатсыз жұмсалғанына шүйліккен еді. Қаржы министрлігі бұл ескертулерге бірден «селт» ете қалған сыңайлы, өйткені ертеңінде-ақ аталған министрліктің баспасөз қызметі журналистерге қаржының қайда кеткенін түсіндірген хабарлама таратты.

Қазақстан • 18 Маусым, 2021

Бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемде 35-ші орындамыз

Кеше Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2021 жылдың әлемдік бәсекеге қабілетті елдерінің рейтингісін жариялады. Бұл рейтингте Қазақстан 35-орында тұр.

Қазақстан • 17 Маусым, 2021

Кәсіптің көзін тапқандар көбейіп келеді

Бизнес ашқысы келетіндерге көмек көрсетіп, кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасына биыл бес жыл толып отыр. Жобаның басты мақсат-міндеті қаншалықты орындалды, бүгінге дейін неше адамды кәсіпкер етіп шығарды? Бұл жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов газетімізге берген сұхбатында айтып берді.

Яндекс.Метрика