Қоғам • 17 Маусым, 2022
Орташа жалақы көлемі – 285 мың теңге
Ресми статистика бойынша жыл басындағы Қазақстандағы орташа айлық жалақы 285 мың теңге болды. Әрине, айлығы шайлығына әрең жететін халық бұған сенгісі жоқ. Бірақ Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде орташа айлық көлемі расымен сондай деңгейде екенін нақтылап айтты.
Экономика • 15 Маусым, 2022
Жалған инвестициялаудың жаңа кейстері
Бүгінде заман ағымына сай алаяқтықтың да түр-пішіні өзгерген. Жұртшылық көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетінін біліп алған әккі қулар қазір интернет арқылы алдап-арбауды жақсы меңгерген. Желілерде жылтыңдап шығып қоймайтын «Табыстылардың қатарына қосылғыңыз келе ме?», «Метромен жүресіз бе, әлде өзіңіздің жекеменшік көлігіңізбен жүргіңіз келе ме?», «Демалысыңызды қайда өткізесіз: саяжайда ма, шетелде ме?» деген сияқты жарнамалар – соның куәсі.
Қоғам • 14 Маусым, 2022
Ең қауіпсіз көлік қайсы десе, жұртшылықтың есіне бірден пойыз түсері анық. Шынтуайтында, олай емес. Ең қауіпсіз болып саналатыны – аспан көлігі, яғни ұшақ. Одан кейінгі орында – құрлық көліктері, содан кейін ғана пойыз. Ал жеңіл автокөліктердің ішінде қауіпсізі қайсы? Мамандардың зерттеулеріне үңіліп көрейік.
Технология • 13 Маусым, 2022
Заман талабына сай қазіргі таңда әлем бойынша ІТ-саласына сұраныс үлкен. Қазақстан да ақпараттық технология ағымынан қалыспай, технопарктер құру, мамандар даярлауға ерекше ден қойып жатыр. Президенттің елімізде 100 мың IT-маман даярлау жөнінде арнайы тапсырмасы да бар. Жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі инновациялық экожүйе мен IT-саланы дамыту мәселелерін кеңінен талқылады.
Қоғам • 10 Маусым, 2022
Ақылы автотұрақ: Пайда таба ма, қалтаны қаға ма?
Ірі қалаларда көлік кептелісі – үлкен мәселе. Жол қозғалысын реттеп, көшелердегі кедергілерді азайту үшін әртүрлі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынып келеді. Соның бірі – ақылы автотұрақтар жүйесін енгізу әдісі. Урбанистер жобаның бұл түрін қозғалыс трафигін реттеудің дәлелді тәсілі деп санайды. Әлемде XX ғасырдың ортасына таман пайда болған ақылы тұрақтар қазіргі таңда халықаралық тәжірибе ретінде кеңінен қолданылады. Ал Қазақстанда бұл жүйенің тарихы сонау 1996-1997 жылдардан бастау алады. Бірақ алғашқы жобалар сәтсіз аяқталды. Кейін автоматтандырылған ақылы автотұрақтар алдымен екі шаһар – Алматы мен Нұр-Сұлтанда пайда болды.
Қаржы • 01 Маусым, 2022
Қаржы тапшылығы қажытпасын десек
«Табысының кемінде оннан бір бөлігін өзіне және отбасының болашағына жинайтын адамның басына түбінде байлық қонады». Бұл – әлемдік экономикалық әдебиеттің классикасына айналған әйгілі «Вавилондағы ең бай адам» кітабының авторы Джордж Клейсонның сөзі. Расымен отбасылық әмиянды сауатты жоспарлаудың өзі – үлкен өнер. Дамыған елдерде қаржы сауаттылығына баулу, соның ішінде ақшаны үнемдеуге, оны ұқсатып жұмсауға және бюджетті жоспарлауға жастайынан тәрбиелейді. Ал бізде бюджеттің өзі жабық тақырып деңгейінде.
Қоғам • 31 Мамыр, 2022
Қала баласы ойнаудан да қалып барады
Қазіргінің баласы асық атып, асыр салып ойнамайды. Бұрынғыдай ағашты ат қып мінбейді. Ертегі тыңдап өспегеннен кейін ертедегі батырларға еліктемейді. Есесіне есіл-дерті – теледидарға телміру, гаджетке үңілу. Қала баласы да, дала баласы да сондай қазір. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 6-9 жас аралығындағы балалар күніне орта есеппен кемі 3-4 сағат белсенді дене қимыл ойындарымен айналысуы керек. Ал қазақстандық 70,66% өспірімнің далада ойнау уақыты бір сағатқа да жетпейді екен.
Экономика • 24 Мамыр, 2022
Салық түсімдері былтырғыдан жоғары
2022 жылғы 4 айда салық түсімдері былтырғымен салыстырғанда 1,6 есе көп түскен. Осылайша, мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 110,1%-ға орындалған. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қаржы • 05 Мамыр, 2022
Көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталғаны белгілі. Ал 2 сәуірден бастап, міндетті төлемін уақтылы төлемеген көлік иелеріне салық берешегі туралы хабарлама жіберіле бастады. Осы хабарламаны алған азаматтар 30 жұмыс күні ішінде төлемақыны салуы тиіс.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2022
Бизнеске ақылы автотұрақ та кедергі
Елорданың бизнес орталығын жалға алған кәсіпкерлер бас шаһарда ақылы автотұрақ көбейгенін, бұл құрылыс нормалары мен ережелерін бұзып қана қоймай, бірқатар шағын және орта бизнес субъектілерінің жабылуына қауіп төндіріп отырғанын жеткізді.